A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда жаңа сүзгіш станция ашылды

Бүгін Алматыдағы бас тазарту ғимаратында жаңа сүзгіш станция іске қосылды. Бұл станцияның өндірістік қуаты жоғары, ол тәулігіне 125 мың текше метр суды сүзгіден өткізеді, әрі толық автоматтандырылған.

Мегаполис басшысы Ахметжан Есімов жаңа нысанның ауыз судың сапасын арттыратындығын, қаланың оңтүстік бөлігін сумен үздіксіз қамтамасыз ететіндігін, электр энергиясын және су көздерін пайдалануды азайтатындығын айтты.

«Алматылықтарды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін қалада көптеген шаралар жүзеге асуда, соңғы жылдары бұл іске 30 млрд. теңге бөлінді. Соның арқасында игі нәтижеге қол жетті, апат 1,5 есеге, су шығыны екі есеге азайды. Соңғы жылдары 300 км жаңа желілер салынды, ал жалпы қала бойынша желінің ұзындығы 2700 км. Бұл - Алматы мен Атыраудың арасы. Байқаған шығарсыздар, қандай ауқымды жұмыс», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Шара соңында Алматы әкімі «Алматы Су» МҚК-ға Оңтүстік Кореяда шығарылған 15 жаңа қызметтік көліктің кілттерін табыс етті.

Анықтама:

Жаңа іске қосылған сүзгіш станция 1949 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан 1-ші кезектегі станцияны алмастырады;

Су сапасы күніне 1000 реттен астам тексеріледі;

Негізгі су тазарту нысандары – Алматыдағы ірі су тазарту кешені болып табылады, соның арқасында қалаға 32 пайыз сапалы ауыз су үздіксіз беріліп келеді;

Су тазарту нысандарынан тазартылып шыққан су Алматының оңтүстік және орталық бөлігіне (Абай даңғылының жоғары жағы мен Фурманов көшесінің бойы) беріледі;

Алдын ала тазартылған Үлкен Алматы өзенінің суы үш арна бойынша бас тазарту ғимарттарына келген соң классикалық тазартудан өтеді, олар - коагуляция, тұндыру, сүзу және залалсыздандыру.

29.12.2014