2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

А. Есімов - Алматы еліміздегі табыстың 60% туризмнен береді

Соңғы бес жыл ішінде Алматыға келетін туристер легі екі есеге артып, 300 мың адамнан асты. Ішкі туризм саласында да осыған ұқсас өсім динамикасы тіркеліп отыр, мұндағы туристер саны 500 мыңға жеткен.

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Туризм және саяхат» - KITF 2015» XV Қазақстандық Халықаралық мерейлі туристік көрмені ашқан кезде осы мәліметтерді келтірді.

«Бүгін біз әлемнің 40 елінің 500 компаниясының басын қосып отырмыз. Бұл - ауқымды туристік жәрмеңке әрі турбизнес үшін диалогтық алаң. Мемлекет басшысының саяси жігерінің арқасында 10 ел үшін республикаға келудің визасыз тәртібі қалыптасқан. Қазіргі кезде үкіметте бұл тізімді әлемнің 26 мемлекетіне дейін ұлғайту туралы мәселе қарастырылуда», - деді Ахметжан Есімов.

Атап өтерлік жайт, Алматыда визасыз келуге рұқсат етілген елдердің туристері көп тіркелген. Мысалы, 2015 жылдың 1 тоқсанында Германия, Франция, Жапония, Италия, Малайзия, Нидерланды, БАЭ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея мен АҚШ-тан келген туристер легі 17%-ға артқан. Алматыда туриндустрия көрсеткен қызмет көлемі 21 млрд. теңгені құрады. Тек 2014 жылдың өзінде ғана туристер орналасқан мейманханалар мен отелдер қатары 44%-ға өсіп, олардың саны 120 бірліктен асқан. Туристерге қызмет көрсету көлемі 34% өсіп, 15 млрд. теңгеге жеткен. Көрмені ашу салтанаты аяқталар кезінде қала басшысы оған қатысушылар мен қонақтарға Алматыға келгендеріне жайлылық пен жемісті жұмыс тіледі.

«15-ші мерейлі көрме шетелдік серіктестермен жұмыс істеудің бұдан да мол мүмкіндіктерін ашып, Жібек жолы мұрасы аясында туризмді одан әрі дамыту әлеуетін толық пайдаланудың барлық жағдайын жасауға ықпал етеді деген сенімдемін», - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есимов.

«KITF 2015» халықаралық туристік көрмесінің ашылуына Малайзияның мәдениет және туризм министрі Дато Сери Мохамед Назри Абдул Азиз, Түрік Республикасының мәдениет және туризм вице-министрі Абдул Рахман Аррипин, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров, бірқатар елдердің елшілері мен дипломаттары, шетелдік туроператорлар қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша көрмеге 20 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде.

Ақпараттық анықтама:

«KITF 2015» мерейлі көрмесі 22 - 24 сәуір аралығында «Атакент» көрме кешенінде өтеді, мұнда туризм индустриясының жаңалықтары, информативті семинарлар, оқыту бағдарламалары , пайдалы мешімдер мен арнайы ұсыныстар ұйымдастырылады.

KITF 2015 мерейлі көрмесінің акценттері:

  • KITF 2015-нің серіктес елі - Малайзия
  • KITF 2015 -нің ресми серіктесі - халықаралық Cornelia отелінің желісі
  • Ерекшелігі - «Ішкі туризм - бәсекеге басымдылық бағыты»
  • Жаңа трендтер - гастрономиялық, бизнес және оқиғалы туризм
  • Маусым жаңалығы - Қырым, Абу-Даби, Рас Аль Хайм
  • Тенденция - қонақ үй бизнесі экспоненттерінің рекордтық қатысуы

KITF-ні ұйымдастырушылар - ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен Iteca (Қазақстан) мен ITE Group Plc (Ұлыбритпанияния) көрме компаниялары.

22.04.2015