2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Бүгін қалада Алматы облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Қалалықтар базар бағасынан 15-20 пайыз төмен 50-ден астам өнім түрлерін сатып алды.

Тауарлар сапасы мен жәрмеңкедегі бағаны Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аралап көрді. Мегаполис басшысы Алматы облысы тауарларының қалалықтарға қажет екендігін айтты.

«Мемлекет басшысы қалалықтарға қажет негізі 33 позицияға мониторинг жасауды тапсырды. Мұндай интервенциялар бағаны төмендетуде маңызды. Біз қалалықтармен ақылдаса келіп, көптеген позициялар бағасын 15-30% да ұстап тұрмыз әрі бұл өнімдер сапалы және эколгиялық жағынан таза», - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі 23 қыркүйекте, Құрбан айттың қарсаңында Жамбыл облысының ауылшрауашылық жәрмеңкесі өтетіндігін айтты.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бұл күні 105 тонна жеміс, көкөніс, 93 тонна ет, 22 тонна сүт өнімдері, жалпы құны 115 млн. теңгенің өнімдері жеткізілді. Жәрмеңкеге Алматы облысының 16 ауданы мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларынан 280 тонна экологиялық таза және сапалы өнім әкелінді.

Алматы айналасында көтерме сауда базарын құру сөз болды, сонда барлық мейрамханалар өздеріне қажет өнімдерді еш делдалсыз сатып алар еді. Бұдан өзге, демалыс күндері қаланың барлық 8 аудандарында Алматы облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылатын болады.

19.09.2015