2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған ауқымды шара өтті

Алматыда Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған ауқымды шара өтті

24 қараша 2016

Биыл «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, түркі әлеміндегі ұлы қайраткерлердің бірі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды. Қилы заманда туылып, өмірін тәуелсіздік жолындағы күреске арнаған ғазиз жанның атын ардақтап, аруағын ұлықтауға арналған шара Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтті. Аталған шараға қатысқан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ұсынысымен тәуелсіздік идеясының негізін салушы Әлихан Бөкейхановтың мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтіп жатқанын айта келе, елім деген ердің есімі тарихта мәңгі қаларын жеткізді.

«Әлихан Бөкейханов халықтың көкірегіне ғасырлар бойы шер болып қатқан азаттық туралы аңсарды, егемен ел болу жайлы ұлы идеяны жаңғыртушы, Абылай мен Кенесары хандардың істерін лайықты жалғастырушы болды. Сұлтанмахмұтша айтсақ, «Қазақ үшін жүрек майын шам қылған» көзсіз батыр, заманынан озып туған білімді де білікті биік өре иесі еді», - деді Б.Байбек.

Бүгінде азаттықтың ақ таңы атып, сол бабалар арманы орындалды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қадам басудамыз. Бұл атаулы датаның ұлт мұратын көксеген ұлы тұлғаның 150 жылдығымен тұспа-тұс келуі де тегін болмаса керек. Өйткені Әлихан Нұрмұхамедұлының 150 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Бұл жөнінде 18 қарашада ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының 38-ші сессиясында белгілі болған еді. Сонымен қатар, Санкт-Петербургте Әлихан Бөкейхановтың ескерткіш-бюсті қойылатын болды.

Салтанатты кеште Әлихан Бөкейхановқа арналған өмірбаяндық деректі фильм көрсетілді.

Жалпы, жыл басынан бері Алматы қаласында мерейлі датаға орай бірнеше шара өткізілген. Қазақ Ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілсе, Ұлттық кітапханада арнайы мерейтойлық көрме ұйымдастырылған болатын.

28.11.2016