2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыға Бундестаг депутаттары келді

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Бундестагтың вице-президенті Йоханнес Зингхаммер бастаған Германия Федеративтік Республикасы депутаттарының делегациясын қабылдады.

Алматы әкімі Қазақстан мен Германия арасындағы сауда - экономикалық, мәдениет, ғылым мен білім, денсаулық сақтау және басқа да салаларды қамтыған саяси диалог пен көпсалалы байланыстың жоғары деңгейде дамып келе жатқандығын атап өтті.

«Германия Евроодақ елдерінде Қазақстанның басты серіктесі және тауар көлемі бойынша Қазақстанның бесінші серіктесі болып табылады. Алматы мен Германия арасындағы тауар айналымы 1 млрд. 210 млн. АҚШ долларын құрайды, бұл біздің елімізбен тауар айналымының 55 пайызы», - деді Ахметжан Есімов.

Алматыда 2015 жылдың 1 наурызы жағдайында кең ассортиментті көтерме саудаға маманданған тоқыма, шарап өнімдерін шығаратын әрі көліктік- экспедициялық және құрылыс салумен айналысатын 96 біріккен кәсіпорын және 137 неміс капиталымен жұмыс істейтін өндіріс орындары тіркелген. Әкім Алматыдағы Қазақ- Неміс университетін де білім беру саласындағы екі жақты өзара байланыстың жарқын үлгісі ретінде атап өтті.

Өз кезегінде, Бундестагтың вице- президенті Йоханнес Зингхаммер қала басшысына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, мегаполистің туристік басымдылығын атап өтті. Әңгіме барысында қонақтар 2022 жылғы Қысқы олимпиаданы өткізу құқын жеңіп алу жолында Алматының кандидатурасын қолдайтындықтарын айтты.

13.04.2015