A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Жеңіс жалаушасы Алматыға жетті

Еліміз бойынша Жеңіс жалаушасының шеруі аяқталды. 30 желтоқсанда Астанада бастау алған эстафетаны бүгін Алматы қабылдады.

Қаланың барлық әскери бөлімшелері Ұлы Отан ардагерлерінің қатысуымен жалаушаны Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне табыстау үшін 28 батыр-панфиловшылар саябағына жиналды.

Қазақстан Президентінің ынтагерлігімен «Жеңіс құрметіне» акция-марафоны барлық аймақты қамтыды. Ол Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған.

Акцияның символы – жалауша – Астанада, Қарағандыда, Семейде, Қапшағайда, Отарда, Ақтауда Аэромобильді және құрлықтағы әскерлер бөлімшелерінде болды. Бүгін марафонның соңғы кезеңі.

Шеру барысында ардагерлер, Алматы гарнизонының басшылығы және «Нұр Отан» партиясының өкілдері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, ал жас жауынгерлер салтанатты жорықпен жүріп өтті.

Бұдан әрі жалауша еліміздің астанасына аттанады және Кеңес Одағының  батыры, ҚР бірінші Қорғаныс министрі, халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінде сақталатын болады.


13.01.2015