2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда кәсіпкерлікті қолдау Картасының арқасында асфальтбетон өндірісі іске қосылды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау Картасының арқасында асфальтбетон өндірісі іске қосылды

«Асфальтобетон-1» ЖШС-тің жол құрылысы материалдарын шығаратын зауытын модернизациялау және кәсіпкерлікті қолдау Картасының екінші бесжылдығын іске асыру аясында қалада асфальтбетон өндірісі пайдалануға берілді. Оның ашылуына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Жобалық қуаты 1 млн. тонна өнім шығаруға жеткен кезде компания Алматының 70% сұранысын қамтамасыз ететін болады. Заманауи европалық жабдықтар қоспа сапасын арттырып, өнім шығаруды 80% -ға арттырады. Өндірісте отандық шикізатты пайдалану арқасында өнімнің қазақстандық сипаты 90%-ды құрап, зауыттың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Қазіргі кезде мұнда 500 адам жұмыс істейді.

«Бүгінгі күні мемлекеттік қолдаудың барлық бағдарламалары мен тетіктері ең алдымен кәсіпкерлік салаға, тауар өндіруге, сыртқы және ішкі нарықта сапалы өнім шығаруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Мұнда Алматыға ерекше назар аударылады» - деп атап өтті әкім.

«Компаниялар Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының аясында инфрақұрылымдық және көлік жолдары бағдарламаларын іске қосуға белсенді түрде қатысады. Сондықтан жаңа зауыттың ашылуының мәні зор», - деді «Асфальтобетон 1» ЖШС бас директоры Варис Исламов.

Кәсіпкерлікті қолдау Картасының тағы бір қатысушысы гофротар шығаратын «Интермультисервис» ЖШС. Егер өндіріс орны 2014 жылы 506,6 млн. теңгенің өнімін шығарса, 2015 жылы 614,3 млн. теңге жетті. Тапсырыстар көлемі жылына 304,5 млн. теңгені құрайды. Мұнда жұмыс істейтіндер саны – 100 адам.

Атап өтерлік жайт, кәсіпкерлікті қолдау Картасының 1-ші жылында қалада 20 жоба іске асты, олардың жалпы құны 280 млрд. теңге және 3 мың жұмыс орны ашылды. II бесжылдыққа 2015-2019 жылдардың ішіндегі 55 жоба еніп отыр, бұлардың жалпы құны 120 млрд. теңге және 9 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Естеріңізге сала кетейік,кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында Алматыда «Kazakhstan De Li Optoelectronics» және «Складад ОВ» ЖШС жобалары іске қосылды. Биыл құны 37 млрд. теңге болатын 16 жоба іске қосылып, 4 344 жұмыс орны ашылады.

12.04.2016