2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Ян Гейлдің қазақ тілінде шыққан кітабының тұсаукесері өтті

Алматыда дат сәулетшісі және қала дизайны жөніндегі консультант Ян Гейлдің қазақ тілінде шыққан «Қала адамдар үшін» кітабы таныстырылды.

Тұсаукесерде қала әкімі мегаполистің дамуындағы үш негізгі факторды атап өтті және Ян Гейлдің «Қала адамдар үшін» кітабындағы негізгі қағидаттардың Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасына енгендігін айтты.

«Жүзеге асырып жатқан игі істердің барлығы қаланың қарапайым тұрғындарының жақсы әрі сапалы өмір сүруіне бағытталған. Осы қағидалардың барлығы қаланың даму Бағдарламасының негізгі тірегі. Біз барлық аспектілердің тиімді болғанын қалаймыз. Президентіміз өткен жылы бес институтты реформаны, 100 институтты қадамды алдымызға қойды, 1 қаңтардан бастап күшіне енген 80 заң қабылданды. Біз барынша жаңа институтты- құқықты кеңістікті құратын боламыз әрі соның аясында бизнес пен адам үшін барлық жағдайлар жасалады. Өмір сүру жеңілдейтін болады», - деп атап өтті Б.Байбек.

Бауыржан Байбек даму Бағдарламасын жасау барысында 7 тұжырым мен 5 қағиданың анықталғандығын, олардың әрқайсысы жеке адамдарға, олардың барынша сапалы жән жақсы өмір сүрулеріне бағытталғандығын айтты.

«Мен сіздің менталитетті өзгерту жөніндегі пікіріңізді толық қолдаймын. Сонда ғана аз да болса өзгерістерге қол жетеді. Мен өзім барлық кәсіби ісімде осыны қолға алып келемін. Мен адамдарға қандай өмір сүру кеңістіктерінің ұнайтындығын, қаланы қаншалықты жақсартуға болатындығын көптен бері зерттеп келемін. Бұл істі университетте бастадым, кейін ол менің өмірімнің мәніне айналды. Осынау зерттеу жұмыстарым сіздердің қалаңыз туралы жазылған кітабыма арқау болды. Кітабымның қазақ тілінде жарық көргеніне өте қуаныштымын әрі сол үшін тағдырыма ризамын. Осының арқасында оқырмандар қатары да ұлғая түседі», - деді Ян Гейл.

Сәулетші Алматыға Мельбурнды мысал етті. «Шын мәнінде Алматы адамдардың арманы мен шабытының орталығына айналуы тиіс. Алматыдан өзге ірі қала жоқ, сондықтан көрсетілер қызмет түрі жақсарып, қоғамдық көлік дамып, адамдар демалатын жерлер көп болуы тиіс. Алматы елдің « соғып тұрған жүрегі», көпшілік қызығатын қала, сондықтан қала адамдар үшін барынша жайлы болғаны жөн. Біз сол қолайлылық пен жайлылыққа ұмтылуымыз керек», - деді Я.Гейл.

11.01.2016