2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды қағидаларын белгіледі - Е.Тоғжанов
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды қағидаларын белгіледі - Е.Тоғжанов

Алматыдағы Достық үйінде «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАСЫ» АТТЫ ФОРУМ өтіп, онда Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы талқыланды.

Форум барысында ҚХА-ы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов Ассамблея жұмысының жаңа форматы мен негізгі қағидалары туралы айтты.

«Мемлекет басшысының «Қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы – әлемнің дамыған 30 елі қатарына енудегі Қазақстанның 5 институционалды реформасының басты баспалдағы. Біз бұл қағидаларды Ұлт жоспарын жүзеге асырудың маңызды тірегі ретінде қабылдауға тиіспіз. Біздің жолымыз – бірлік, азаматтық келісім барысында ұлтты қалыптастыру. Бір ұлт, бір мақсат бес реформаның бастау көзі болып табылады. Президентің ойынша қалған төрт реформа осы қағидаға біріккен»,   - деді Е. Тоғжанов.

Шара соңында Достық үйіне ҚХА жылының туы табыс етілді.

Форумның жұмысына ҚХА-ы төрағасының орынбасары, ҚХА АП секретариатының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Мәжіліс және мәслихат депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, Алматының «Қоғамдық келісім» ұйымының мүшелері, этнобірлестіктер, жастар ұйымдары және басқалары қатысты.

08.01.2016