2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкіміне UEFA кубогін әкелді

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов УЕФА кубогінің екі мәрте иегерлері, «Қайрат» футзал клубының ойыншыларымен кездесті. Қала басшысы ойыншыларды европалық турнирдегі ірі жеңістерімен құттықтап, финалдық ойын барысындағы өзінің ойымен бөлісті.

«Мен матчты телевизордан басынан аяғына дейін көрдім. Ол өте тартысты өтті. Біздің қақпашымыз Игитаға рахмет, қақпаны барынша қорғай алды. Барлық футболшылар өте тамаша ойнап, жеңіске жетті. Финалда Барселонаның өзін жеңу қымбатқа тұрады», - деді әкім.

Өз кезегінде ойыншылар бұл жеңісті Мемлекет басшысын сайлау күніне арнаған сыйлығымыз деді.

«Мен Сізді Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Өз кезегінде мен Қазақстанның азаматтығын қабылдаған едім, ұлттық құрама үшін ойнаймын. Бұл - мен үшін үлкен құрмет», - деді «Кайрат» АФК голкипері Игита.

Кездесу соңында «Қайрат» футболшылары қала әкіміне өздерінің Лиссабоннан әкелген УЕФА-ның нағыз кубогін көрсетіп, турнирдің алтын медалін сыйлады. Ахметжан Есімов «Кайрат» АФК-на Әкімнің кубогін және 5 млн. теңгелік сыйлық сертификатты ұсынды.

Назарларыңызға, алматылық «Кайрат» - мини-футболдан УЕФА кубогінің екі мәрте иегері. УЕФА кубогінің соңғы финалы 26 сәуірде Лиссабонда өтті, мұнда «Кайрат» испандық «Барселонаны» 3-2 есебімен жеңді.

04.05.2015