A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • А.Есімов – Шетелдік валютамен несиелендіру кәсіпкерлік белсенділіктің төмендуіне әкеліп соғуы мүмкін
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

А.Есімов – Шетелдік валютамен несиелендіру кәсіпкерлік белсенділіктің төмендуіне әкеліп соғуы мүмкін

Бүгін Алматыда қала бизнес - қоғамдастығының кеңейтілген жиыны өтті. Форумның жұмысына Алматы әкімі Ахметжан Есімов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басшысы Тимур Құлыбаев, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, ұлттық компаниялар мен екінші деңгейлі банктердің басшылары, КП өңірлік кеңестері мен қаланың шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Ахметжан Есімов алматылық кәсіпкерлердің мегаполис пен жалпы еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосып отырған үлестерінің маңыздылығын атап өтті. Қала басшысы еліміздегі әрбір үшінші (120 мыңнан астам) кәсіпорынның Алматыда тіркелгендігін, ШОБ-тің қала қазынасына құйылатын барлық салықтық түсімнің 65 пайыздан астамын беретінін, әрбір үшінші алматылықтың немесе жарты миллионнан астам адамның осы салада жұмыс жасайтынын айтты.

«Шағын және орта бизнесті дамыту - Алматы экономикасын өркендетудің негізгі бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда мегаполис еліміздің қазынасына мемлекеттік бюджеттің барлық кірісінің 30%-ын береді. Егер осыдан 5жыл бұрын Алматының үлесі 23% болса, өткен жылы 28, ал биылғы жылдың 1 тоқсанында 33,1 болды%. Республикалық қазынаға түсетін әрбір үшінші теңгені біздің қаламыз беруде», - деді Ахметжан Есімов.

Бұлардан өзге, қала басшысы кәсіпкерлік пен экономиканы одан әрі арттыруға ықпал ететін бірқатар мәсееелерді сөз етті. Ол банктердің несиелік саясатында ШОБ субьектілерін қаржыландыруда долларға басымдылық берілетінін, ал бұл кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне әкеліп соғатынын жеткізді.

«Өткен жылдың 4-і тоқсанынан бастап экономиканы несиелендіру күрт төмендеп кетті. Банктер негізінен несиені АҚШ долларымен емесе шетел валютасы бағамы көлемінде береді. Теңгелік несиеде түпкі мөлшерлік 20%-дан асады, бұл кәсіпкерлер үшін ауыр. Соның салдарынан, жаңа жобаларды жүзеге асыру былай тұрсын, қайта қаржыландыру мен қаржы айналымын толтырудың өзі қиынға соғуда»-, деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде ҰКП-ның басшысы қаржы институттары саясатының кәсіпкерлердің бизнес- көзқарасына ықпал ететінін айтты. Тимур Құлыбаев Алматы әкімдігінің бизнес ортаны жақсарту жөніндегі оң тәжірибесін атап өтті.

«Біздің кәсіпкерлер құқығын қорғайтынымыз, әкімшілік кедергілерді азайтатынымыз, бизнес- ахуалды жақсартатынымыз түсінікті. Егер қаржы жүйесі жетілдірілмесе, онда экономиканы диверсификациялау үшін жүргізіп жатқан барлық ісіміз жүзеге аспайды. Бизнестің алға жылжуы Ұлттық банктің позициясына тікелей қатысты. Қазіргі кезде қаржы секторы мен бизнестің ағымдағы жағдайы бойынша мәселелер бар. Біз оларды ортақ күш- жігерімізді біріктіре отырып шеше аламыз. «Атамекен» ҰКП бизнес пен билік арасында диалогтық алаң ретінде құрылды», - деді Тимур Құлыбаев.

Дәл осы күні қала әкімі Ахметжан Есімов пен ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Алматыда Медеу ауданының аумағындағы алғашқы Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталықтың ашылу рәсіміне қатысты. Жыл аяғына дейін түрлі заңнамалық кеңестер беретін, бизнес үшін мемлекеттік бағдарламаларға ақпараттық қолдау көрсететін мұндай орталықтар мегаполистің әр ауданында ашылатын болады.

03.04.2015