A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Білім беру БІЛІМ БЕРУ



Білім беру бөлімінің 2017 жылға атқарған жұмыстары


Білім беру бөлімінің 2017 жылға атқарған жұмыстары

Ауданда 36 орта білім беру мектебі жұмыс істейді. Соның ішінде, 28 мемлекеттік мектеп болса, 8-і жекеменшік мектеп болып табылады. Жалпы оқушылар саны 27 611 адамды құрайды.

2016-2017 оқу жылдарының нәтижесі бойынша білім беру саласында дамыту бағытында айтарлықтай ілгерілеу бар деуге болады.

Атап айтқанда, қалалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 65 оқушы жүлделі орындарға ие болып, оның 3-і республикалық олимпиадаға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Республикалық ғылыми жоба байқауында ауданымыздың 9 оқушысы жүлдегер атанды.

2017 жылы 1008 түлек 11 сыныпты бітіріп шықты, ҰБТ баллы – 95,7. «Алтын белгімен» аяқтағандар саны – 58.

Ауданда 6 896 бала тәрбиеленіп жатқан 18 мемлекеттік және 49 жеке меншік балабақша, 15 шағын орталық халыққа қызмет көрсетеді. Соның ішінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша (балапан) жұмыс істейтіндері – 34.

Соған байланысты, аудандағы орын жетіспеушілік мәселесін жою бағытында нақты шаралар іске асырылуда.

Өткен 2016 жылы аудандық әкімдіктің бастамасымен жеке кәспкерлер қаражаты есебінен жалпы сыйымдылығы 852 орынды құрайтын 17 жекеменшік балбақша ашылды. Салынған инвестиция жалпы сомасы - 2,4 млрд. тг. құрайды.

 Жоғары оқу орындары мен орта арнайы оқу орындары

Ауданда барлығы 5 жоғары оқу орны бар, оның 2 - ұлттық, 3 – жеке меншік. Ондағы студенттердің жалпы саны – 20086 адам.

Орта арнайы оқу орындары саны аудан бойынша 5, студенттердің жалпы саны 6138 адам.