A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Экономика ЭКОНОМИКА



ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК


ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

 Аудан бюджеті

    2016 жылы аудан бюджеті 3,9 млрд. теңгені құрады,         бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға артық.       Жоспар 100 пайызға орындалды.

Салық түсімі.

 

Бүгінде ауданымыз қала көлемінде төмендегі экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз етіп отыр:

 

ØҚаржы операцияларының 70%;

ØБарлық салық түсімдерінің 30%, Салыстармалы түрде айтар болсақ, Медеу ауданы салық түсімі бойынша Наурызбай ауданынан 100 есеге, шағын және орта кәсіпкерлік бойынша 19 есеге, өнеркәсіп өндірісі бойынша 33,5 есеге артық көрсеткіш көрсетіп отыр.

ØБөлшек және көтерме сауда тауар айналымының бестен бір бөлігін;

ØІАТ (ішкі аймақтық тауардың) 2/3 бөлігін.

 

Бүгінгі таңда Медеу ауданы салық жинау көрсеткіші бойынша қала көлмінде ғана емес, республика көлемінде бірінші орынды иеленіп отыр.

    2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салықтар түсімі 529 млрд. теңгені құрайды, немесе түсім 107%-ға орындалды, соның ішінде РБ 326 722 млн теңге,                   ЖБ 73 586 млн. теңге.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі                       71,2 млрд. теңгені құрады. Қала бойынша жалпы инвестицияға шаққандағы ауданның үлесі 19,6 пайызды құрайды. Жыл басынан бері 11 ірі нысан ашылып, оған салынған инвестиция көлемі 4,5 млрд. теңгені құрады. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының  саны – 700.   

    Экономикалық дағдарысқа қарамастан,                                    Медеу ауданы жаңа кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға ең қолайлы орын ретінде қалуда. Оған аудан көлемінде тоқтаусыз жаңадан ашылып, дамып келе жатқан жаңа кәсіпкерлік нысандары айқын дәлел.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер санының жыл сайынғы өсу қарқыны 5-7 пайызды құрап, олардың жалпы саны 11,5 мыңға жетті.

Ауданда 19 982 өнеркәсіп кәсіпорны тіркелген, соның ішінде нақты жұмыс істейтіні - 11 451. Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер саны - 83 185 адамды құрайды.

    Аудан экономикасының негізі шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады.

 

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің                    саны - 18 857 кәсіпорын, 2015 жылмен салыстырғандағы                      1 446 бірлікке өсім байқалады, соның ішінде, қолданыстағылар – 10 472, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 912 бірлікке артық.

    Аталған кәсіпорындарды қолдау жұмыстары кәсіпкерлікті қолдауға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілуде.       

    Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік Картасы бойынша       10,5 млрд. теңге инвестиция көлемінде, 500 жаңа жұмыс орнын ашу арқылы 5 жоба іске асырылды.

    2016 жылы қаладағы ең үлкен ойын-сауық орталықтарының бірі саналатын «Colibri» сауда орталығы ашылды. Сонымен қатар, жаңадан қоғамдық тамақтандыру нысандары өз жұмыстарын бастады.

   

    Соның бірі 450 млн теңге көлемінде инвестиция салынып, қала көлемінде тұңғыш рет этно дәмхана ретінде ашылған «Жайлау» дәмханасы болып табылады.

    Сонымен қоса, 3 заманауи үлгідегі «Сапар де люкс», «Шера Парк Ин» және «Макан» қонақ үй кешендері қолданысқа берлді. .

   Бір сөзбен айтқанда, тек былтырғы жылдың өзінде қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін 18 – ден астам орта кәсіпкерлік нысандары ашылды.

    Елбасы айтқандай, жаңа индустрияның қалыптасуының маңызды шарты тың инновацияларға қолдау көрсетіп, олардың тезарада өндіріске енуіне жағдай туғызу болып табылады.

Бүгінде ауданда IT технология саласында жұмыс істейтін ұтымды жобаларды іске асыру мақсатында құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» жұмыс істейді.

Қазіргі таңда аталған мекемеде 150 инновациялық компания жұмыс істейді және соңғы 2 жылда олардың көлемі 4 есеге артқан.

Еркін экономикалық аймақта 10 жыл қызмет көрсетіп келе жатқан мекемеге салынған инвестиция көлемі                               20 млрд. теңгеден асып түсті, тауарды өткізгеннен кейінгі түскен пайда 95 млрд. теңгеге жетті. Аталған кәсіп орында тек 2016 жылдың шінде 223 жұмыс жаңа орны құрылды.

    Өткен жылы ауданның шағын және орта бизнес субъектілері 92 847 млн. теңгеге немесе қала көлемінің          13,4% құрайтын өнім өндірді. Ауданның салық түсімінің                         65 % ШОБ кәсіпорындарына тиесілі.

     «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша құны 4,5 млрд. теңгені (қызмет көрсету, ТБС, балабақшалар) құрайтын 13 жоба іске асырылып,                         1000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.  

    «Жібек Жолы» аймақтық жобасы бойынша                                  945,8 млн. теңге сомасында 15 жоба жүзеге асырылды.

    2016 жылы интеллектуалды автотұрақ жүйесі жүзеге асырыла бастады. Аудан бойынша 664 орында осындай автотұрақ ұйымдастырылып, 28 паркомат орнатылды.

    Аталған жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде бюджетке 22 млн. теңге сомасында түсім түсті.

    Ауданның туризм саласы

    Бүгінгі таңда туризм саласы әлемдік экономиканың перспективті салаларының бірі болып табылады, табыскөзі бойынша мұнай-газ және афтомобиль құрастыру саласынан кейінгі үшінші орынды иеленеді.

    Туризм саласы Алматы қаласы, соның ішінде                      Медеу ауданы үшін қарқынды дамудың негізгі драйвері болуы әбден мүмкін.

    Мысалыға, «Шымбұлақ» тау шаңғы кешені ұқсас курорттармен салыстырғанда эропорт пен кешеннің жақындығы жағынан 1-ші орынды иеленеді, сырғанау маусымының ұзақтығы жағынан 2-ші орынды, ал қардыңсапасы жағынан 5-ші орынды иеленеді. 

    Өткен жылғы қысқы маусым «Шымбұлақ» және «Медеу» жоғары таулы курортына келушілердің саны жағынан рекордттық көрсеткішке қол жеткізілді.                            Аталғанорындарға келушілердің саны бір күнде 28 мың адамға жеткен.

    Бұл алдыңғы маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық. 

 

Мұндағы негізгі міндеттемелердің бірі ақша-кредит саясатын ынталандыру және экономиканы қаржыландыруға жеке капиталды тарту болып табылады.

Мемлекет Басшысы инфляция деңгейін кезең-кезеңмен кемітіп, 3-4 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізу міндетін қойып отыр.

Сондықтан да, ауданымызда баға өсімінің алдын-алу бағытында шұғыл шаралар қабылдануда:

- 33 позиция бойынша баға өсіміне апта сайын мониторинг жүргізілуде;

- Негізгі тауарлар бағасын көтермеу жөнінде                                   сауда орындарымен 200 меморандум жасалынды;

- ауданда тұрғындарына арналған «шұғыл желі» жұмысы жолға қойылды.

  2016 жылдың тамыз айынан бастап нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағамен 24 әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкелері өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғастырылатын болады.

Биылғы жылғы жәрмеңкелер жаңа стандартпен, яғни заманауи павильондарда ұйымдастырылатын болады.