A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Экономика
  • «Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы
Экономика ЭКОНОМИКА



«Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы


Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, Қор Бағдарламаны іске асыру операторы болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде «Байтерек Девелопмент» АҚ 18 млрд. теңге соманы кейіннен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі – ЖКС) қаржыландыруға/қайтақаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерге депозитке орналастырады. Әріптес банктер қаржыландыруға 70:30 арасалмақта (70% - «Байтерек Девелопмент» АҚ қаражаты, 30% - Әріптес банктер қаражаты) өз қаражатымен қатысады.

Бағдарламаға келесі Әріптес банктер қатысады:

1.                    «Қазкоммерцбанк» АҚ;

2.                    «ForteBank» АҚ;

3.                    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ЖКС кредиттеудің негізгі шарттары:

·Өңдеуші өнеркәсіптің мынадай сала тармақтарындағы қызметтерге бағытталған ЖКС жобаларын қаржыландыру:

o                       Тамақ өнімін өндіру;

o                       Сусындар өндіру;

o                       Тоқыма өнімдерін өндіру;

o                       Киім шығару;

o                       Тері өндіру және оған қатысты өнімдер шығару;

o                       Жиһаздан бөлек, ағаш және тоз өнімдерін өндіру; сабаннан жасалған және өруге арналған материалдардан жасалған өнім шығару;

o                       Қағаз және қағаз өнімдерін шығару;

o                       Басу және жазылған материал дарды қалпына келтіру;

o                       Химия өнеркәсібі өнімдерін шығару;

o                       Негізгі фармацевти калық өнімдер мен препарат тар өндіру;

o                       Резіңке және пластмасс алық бұйымдар өндіру;

o                       Металл емес өзге минерал ды өнім өндіру;

o                       машина мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдерін өндіру;

o                       Компьютерлер, электрон дық және опти калық өнімдер шығару;

o                       Электр жабдықтарын өндіру;

o                       Өзге категорияға кіргізілмеген машин алар мен жабдықтар өндіру;

o                       Автокөлік құралдарын, трейлер мен жартылай тіркемелер шығару;

o                       Өзге көлік құралдарын шығару;

o                       Жиһаз шығару;

o                       Өзге дайын бұйымдар өндіру.

·Қаражатты мақсатты пайдалану – қолданыстағы к редит терді қайтақаржыландыру, инвестици ялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру;

·Сыйақының соңғы жылдық мөлшерлемесі – жылдығы 8,0% көп емес;

·кредиттеу мерзімі – 84 айға дейін;

·қарыз валютасы – теңге;

·бір ЖКС берілетін ең көп қаржыландыру лимиті - 750 млн. теңгеден көп емес;

·негізгі борышты өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі - 24 айға дейін;

·ЖКС қарызды Банктік қарыз шартын/Кредит желісін ашу туралы келісім жасасқан күннен бастап, 2 ай ішінде игеруді бастауға міндетті;

·Әріптес банктердің ЖКС негізгі борышты дер кезінде өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін және ЖКС Бағдарлама аясында қайтақаржыландырылатын қарыздары бойынша сыйақылар үшін айыппұл мен төлемақы өсімдерін есептен шығару мүмкіндіктері;

·ЖКС қаржыландыру/қаржыландыру туралы алдын ала шешімді Әріптес банктер өздері қабылдайды, содан кейін олар ЖКС жобалары бойынша ақпаратты ЖКС жобаларын мақұлдау үшін Қор жанынан құрылған Комиссияның қарауына жібереді.

·Өзге кредиттеу шарттарын Әріптес банктер өздері белгілейді.

Бағдарлама бойынша ЖКС:

·салық бойынша берешегі бар және бюджетке Әріптес банктер өтінімдерді немесе жобаны қаржыландыру кезінде айлық есептік көрсеткіштің 10- есе мөлшерінен асатын міндетті өзге төлемдері бар ШОКС қаржыландыруға тыйым салынады;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу мақсаты бар ЖКС-не қарыз беруге тыйым салынады.