A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Экономика ЭКОНОМИКА



«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы


«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

·             1-ші кезең - 2010-2014 жылдар аралығында. Яғни 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж. міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

·             2-ші кезең – 2015-2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:

1.        агро - өнеркәсіп кешені;

2.        кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер*;

3.        жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;

4.        құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру;

5.        металлургия, металл өңдеу, машина жасау;

6.        өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау)

7.        көлік және қойма қызметі;

8.        туризм;

9.        ақпарат және байланыс;

10.   кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

11.   білім;

12.   денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

13.   өнер, көңіл көтеру және демалыс;

14.   қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.

  Осы техникалық қызмет түріне сыйақы үшін немесе шарт негізінде ұсынылатын тау-кен өндірісі өнеркәсібіне ілесіп жүретін мамандандырылған көмек жатады. Оған:

- руда үлгілерін өндіру және геологиялық зерттеулер жүргізу сияқты барлау жұмысының дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, кен іздеу-барлау жұмыстары;

- ұңғыма және бұрғылау жұмыстарын игеру, мұнай ұңғымаларын бұрғылау сынағы немесе қайтадан бұрғылау;

- металл және металл емес минералдар өндіру

- мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі өзге қызметтер және олардың негізін құру жұмыстары, мұнай-газ ұңғымаларын цементтеу, тау жыныстарын алу , ұңғымалардан суды тартып шығару және оларды сваб арқылы шығарып алу, дренаж және суды насостармен шығарып алу, тау жыныстарын тазарту және т.с.с. қызметтер жатады.

Мынадай техникалық қызметтерге:

- операторлардың мұнай және газ өндіру орындарындағы қызметі;

- тау-кен өндірісі техникасына мамандандырылған жөндеу жұмысы;

- өндіру орындарынан тыс жерде жүзеге асырылатын табиғи газды тасымалдау мақсатында, оны сұйық ету және газсыздандыру;

- геофизикалық, геологиялық және сейсмикалық зерттеулер;

-кенішті немесе жерасты өндіру орындарын келісім-шарт негізінде басқару,

- келісім-шарт негізінде геофизикалық зерттеулер сияқты қызмет түрлері жатпайды.

Толық ақпарат Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының (ГК РК 03-2007) 9- бөлімінде берілген.

Бағдарламаның іске асырылуы:

1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден:

1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;

5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.

Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:

1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

2) Борышкерге өсімпұлын есептеместен бюджет алдындағы (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру;

3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.