A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Экономика ЭКОНОМИКА



Бизнес жол картасы - 2020


Құлақтандыруға назар аударыңыз!

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесін қолдау және дамыту бағдарламасының «Іскерлік байланыс» инструментінің бірінші этапы аясында оқытуға өтініш қабылдау жалғасуда.

Инструментке қатысушылар «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту және қолдау бағдарламасының 1 Қосымшасына сәйкес, экономиканың басымдылық секторларында жүзеге асатын қызметі кіші және орта бизнестің әрекет етуші кәсіпорындарының жоғары және орта деңгейдегі басшысы болуы мүмкін.

Жобаның мақсаты: халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен өндірісті жаңғыртуға қолдау көрсету.

Инструмент аясында қатысушылар 2 кезеңнен өтеді:

Алғашқы кезеңде бизнес жүргізудің осы заманғы әдісін, маркетинг, бизнес-серіктестермен және т.б. іскерлікті дамытуға бағытталған бизнес-тренингтер өткізіледі. Оқу барысында бағдарламаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлер басшылығымен өз кәсіпорнының даму бизнес-жоспарын әзірлейді.

Бизнес-тренингтің аяқталуы бойынша, Жобаға қатысушылар кәсіпорында алынған консультацияларға сәйкес бизнес-жоспарларын дербес пысықтайды және Жобаның екінші кезеңінде конкурстық іріктеуге қатыса алады. Бизнес-тренинг аяқталғаннан соң Сізге сертификат беріледі.

Екінші кезең жобаға қатысушылар үшін шетелде бизнес-тағылымдамасын Германияда өтуді көздейді. Тағылымдама кезеңінде Сіз шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатуы үшін мыналарды қамти аласыз:

-ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындар тағылымдамасы;

-мына мәселелер бойынша іскерлік байланыстар орнату;

-технология трансферті және жабдықтар сатып алу;

-тауар, жұмыс және қызметтерді өзара жеткізу;

-франшиз сатып алу;

-халықаралық және шетелдік ұйымдардан гранттар алу;

-бірлескен кәсіпорындар құру.

Қатысуға өтінішті «Даму» қорының аймақтық филиалына беруге болады.

2015 жылға «Іскерлік байланыс» инструмент аясындағы оқыту кестесі:

ағымның №

Оқытудың жалғасы

Күндізгі бөлім

Сырттай бөлім

Бизнес-жобаларды қорғау, сертификаттарды тапсыру

1

18 мамыр-12 маусым

(Алматы, Астана, Өскемен қалалары)

18-27 мамыр

29 мамыр-2 маусым

12 маусым

2

2 маусым-29 маусым

(Алматы, Астана, Қостанай қалалары)

2-11 маусым

15-19 маусым

29 маусым

3

15 маусым-13 шілде

(Алматы, Астана, Талдықорған қалалары)

15-24 маусым

29 маусым-3 шілде

13 шілде

4

7 қыркүйек-2 қазан

(Алматы, Астана, Шымкент қалалары)

7-16 қыркүйек

21-25 қыркүйек

2 қазан

5

5 қазан-2 қараша

(Алматы, Астана, Ақтау қалалары)

5-14 қазан

19-23 қазан

2 қараша