A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



«Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында дөңгелек үстел


«Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында дөңгелек үстел

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 18 тамызында Медеу ауданы әкім аппаратының мәжіліс залында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

      Дөңгелек үстелге Медеу ауданы әкім аппаратының қызметкерлері, аудандық прокуратура, сот, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ІІБ, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің департаментінің өкілдері қатысты.

      Шара барысында қатысушылардың баяндамасынан соң қызметте мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен арадағы қызметтік этикасын сақтау және жұмыстан тыс мінез-құлық жөнінде пікірлер мен тәжірибелер алмасты.

       Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қатысушылармен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының сапасын жақсарту бойынша ұсыным қабылданып, сондай-ақ осындай дөңгелек үстелдер сипатының маңыздылығы туралы атап айтылды.