A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Институционалдық реформа қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (меншік құқығын қорғауды күшейту) 2019ж.


Институционалдық реформа қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (меншік құқығын қорғауды күшейту)

«ЭЫДҰ-ның үздік жобаларды іске асыруы, діни экстремизм және басқа да алдын алу туралы насихаттау»

Ұлт Көшбасшысының саяси еркінің арқасында мемлекеттік тәуелсіздікті алған күннен бастап Қазақстан жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында құбылыс ретінде саналатын жемқорлықты жоюды - әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екенін айқындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапты. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа басымдықтары белгіленді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, жемқорлық тәуекелдеріне талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жыл сайынғы осы салалардағы жұмыстардың қорытындысымен алдағы уақытқа арналған нақты ұсыныстарды қамтитын Ұлттық баяндама әзірлеу сияқты кешенді заманауи алдын алу шаралары анықталды. Ұлттық баяндаманы дайындау талабы, сыбайлас жемқорлыққа жалпы төзбеушілікті қалыптастыратын, Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген маңызды новеллаға айналуда. Баяндаманың негізгі мақсаты елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қорытындыларын объективті талдау және жемқорлықты жоюдың тәжірибелік шараларын жасақтау болып табылады. 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті органның, сонымен қатар мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалармен жүргізілетін жұмыстардың қорытындылары негізінде қалыптастырылады. Оны дайындау процесі, құрылымы мен мазмұны 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.

Қазақстан әлемдік элита ортасы ретінде танылған, дүние жүзінің едәуір дамыған және демократиялық елінен құралатын, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60% жуығын бақылап отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына толық мүше болуға ұмтылып келеді.

Елбасы ЭЫДҰ стандарттары Қазақстан стандарттарына айналуы керек дегенді бірнеше рет айтқан.

2015 жылдан бері Қазақстанда ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастықтың елдік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, оның аясында ЭЫДҰ сарапшылары басым салалардың қазіргі жай-күйін зерттеп, оларды ЭЫДҰ стандарттарына және ұйымға мүше елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесіне жақындату жөнінде ұсыныстар айтып келеді. Басым салалар - мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, еңбекпен қамту мен әлеуметтік интеграция; білім беру және біліктілікті арттыру; бәсекеге қабілеттіклік пен бизнес ахуал; статистика; салааралық қызмет.

Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы серіктестіктің тағы бір стратегиялық маңызды саласы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Қазақстан - ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісінің мүшесі. Бұл - Шығыс Европа және Орталық Азия елдері үшін арнайы әзірленіп, жасалған бағдарлама.

1998 жылы негізі қаланған ЭЫДҰ Шығыс Европа мен Орталық Азия елдеріне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісінің негізгі мақсаты - ұйымға мүше елдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу ісінде қолдау көрсету, ақпарат алмасу, жақсы тәжірибе әзірлеу және өңірлік кездесулер мен семинарлар, өзара оқыту және арнаулы тақырыптық жобалар түріндегі донорлық көмекті үйлестіру.

ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісіне қатысушылар, оның ішінде Қазақстан да бар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына қол қойған. Стамбул жоспары - желі аясында 2003 жылы басталған өңірішілік өзара бағалау бағдарламасы. СІЖ (Стамбул іс-қимыл жоспары) Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжіктан, Украина және Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес реформаларына елдерге шолу және олардың БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына, өзге де халықаралық стандарттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдыңғы қатарлы тәжірибесін қолдау жөніндегі ұсыныстарды орындауын үздіксіз қадағалап отыру арқылы қолдау көрсетеді.

Қазір Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсныстарын орындауын қадағалаудың төртінші кезеңі жүріп жатыр. ЭЫДҰ әрекеттер реті ұсыныстардың орындалуы туралы есепті үкімет қана емес, азаматтық қоғам беруін де көздейді. Осылайша, ЭЫДҰ үкімет есебін де, балама есепті де бағалайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары ұсыныстары орындалуын бағалау жөніндегі азаматтық қоғамның балама пікірі - әдетте тым жағымды болып келетін үкіметтік есептерге түзету енгізу іспетті. ЭЫДҰ мониторинг тобы үшін бұл - реформаларға азаматтық қоғам тарапынан көз тастау, ал Қазақстандағы азаматтық қоғам үшін - күш біріктіре отырып, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларға тәуелсіз монторинг жүргізуге таптырмас мүмкіндік және зор тәжірибе.

Айта кетерлігі, ЭЫДҰ әдіснамасы бойынша, азаматтық қоғам деген - үкіметтік емес ұйымдар ғана емес, сонымен қатар заңгерлер қауымдастықтары, тұтынушылар қауымдастықтары, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін ұйымдар, кәсіпкерлер, журналистер, ғалымдар қауымдастықтары, сондай-ақ, университеттер өкілдері мен зерттеушілер де. Біздің жұмысымыздың мәні - мониторинг сауалнамасына үкімет беретін жауаптармен қатар, үкіметтік емес сектор өкілдері тарапынан да жауаптар ұсынатынымызда. Содан кейін біз мониторинг тобы елімізге келгенде және мониторинг есептері талқыланып, қабылданатын ЭЫДҰ пленар мәжілістерінде олармен кездесеміз. Сондай-ақ, азаматтық қоғам содан кейінгі кездесулерде балама аралық есептер де бере алады.

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі