A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру бойынша Жол картасын іске асыру туралы «2018-2020 жылдарға арналған ақпарат


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспарын іске асыру үшін, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың сыртқы сараптамасы мен бағалауына арналған арнайы мониторинг тобының жұмыс жоспарын орындауын, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру бойынша Жол картасын іске асыру туралы «2018-2020 жылдарға арналған ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспарын іске асыру үшін, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың сыртқы сараптамасы мен бағалауына арналған арнайы мониторинг тобының жұмыс жоспарын орындауын, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру бойынша Жол картасын іске асыру туралы «2018-2020 жылдарға арналған (бұдан әрі - Жоспар) Медеу ауданының әкімідігімен (бұдан әрі - Аппарат) жұмыс жасалды.

33-тармақты орындау мақсатында, Медеу ауданының әкімі «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының өкілдері мен аудандық қызметтер басшыларының қатысуымен 2018 жылға арналған Медеу ауданы әкімінің жиналысының кестесін бекітті.

Жоғарыда көрсетілген кестені орындау барысында ауданда 22 қоғамдық қабылдау өткізілді, 233-ден астам азамат қабылданды және 286-дан астам мәселе қаралды.

Көшпелі қоғамдық кездесу кезінде өзекті мәселелер бойынша өкілетті органдардың өкілдеріне сұрақтар қойылды мысалы; балаларын балабақшаға орналастыру кезеңінің ережелерін түсіндіру, мектепке орналастыру, әлеуметтік көмек алу мен денсаулық сақтау мекмелеріне тіркелуге және де өздігімен салып алған ғимаратты заңдастыру, жер участкісің тағайындалу мақсатын өзгерту, ауданды жақсарту және т.б.

35-тармақты орындау мақсатында, Медеу ауданы әкімінің интернет-ресурсына (www.medeu.almaty.kz) Медеу ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі жыл сайын, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын орналастырып отырады.

36-тармақты орындау мақсатында, Медеу ауданы әкімі аппаратының басқарушы тобының табыстары туралы ақпараты «Өзіңнен баста» акциясы аясында,08.01.2019 жылыМедеу ауданы әкімінің (www.medeu.almaty.kz) интернет-ресурсына орналастырылды.

38-тармақты орындау мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге ұсыныс болған жоқ.

43- тармағын орындау мақсатында, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінен 2018 жылы 22 қараша күні «Алматы »ТБ-тікелей эфирде халыкпен өзекті мәселелерін талқылау кезінде сұкпат алынды.

44-тармағын орындау мақсатында, 2018 жылғы 9 айдың құқықтық білім беру саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 14 семинар өткізілді. «Заңды тұлғалар», «Республика мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» және т.б.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық деңгейін көтеру мақсатында құқықтық мектептеріне арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Ұйымдастырылған семинарларда мемлекеттік қызметшілер проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасады, күрделі мәселелерді шешудің мүмкіндіктерін айқындайды, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қызметкерлердің өзара іс-қимыл әдістерін қарастырады.

Бұдан басқа, қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңда белгіленген мерзімінде қарамағандығы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы ретінде қаралатындығы туралы ескертілді.

Сонымен қатар, аудан әкімінің апта сайынғы аппараттық мәжіліс-отырыстарында, аудан әкімінің аппарат басшысының мемлекеттік қызметшілермен өткізіліп отыратын кездесу кезінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бөлім басшылары мен мамандардың назарына жеткізіледі.

Мүдделер қақтығыстарын болдырмау және шешу үшін Медеу ауданының әкімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Нұр Отан» аудандық партиясының қатысуымен кеңсе қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарды өткізіліп отырады.

69-тармақты орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2018 жылы 7 сәуірде «Адал жол-Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы паркінде эстафета алауын Медеу ауданынан Алмалы ауданына беру ұйымдастырылды.

Марафонның мақсаты азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті біріктіру және бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болды. ««Адал жол-Честный путь» 2018 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс туралы марафоны» интернет парақшаларына жарияланды. Оның беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жауаптар мен ұсынымдар орналастырылды.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен 2018 жылы 31-ші қазанда аудан кәсіпкерлерімен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде отырысы өткізілді.

71-тармақты орындау мақсатында, ай сайын бюджет қаражатын жоспарлау және іске асыру туралы ақпарат Медеу ауданы әкімінің (www.medeu.almaty.kz) интернет-ресурсында, сондай-ақ бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жоспарланған және жүзеге асырылатын шаралар туралы ақпарат орналастырып отырады, мемлекеттік сатып алу жоспары, келісім-шарт сомасы және жеткізушінің атауы қоса көрсетіледі.

73-тармақты орындау мақсатында, Медеу ауданы әкімінің аппаратында 2018 жылы 12 қыркүйек күні отбасы күніне орай мемлекеттік қызметшілердің жақын туыстарына ашық есік іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға, мемлекеттік қызметшілердің жақын туыстарынан 3 адам қатысты. Іс-шараның өткізілгені туралы ақпарат Медеу ауданы әкімінің интернет ресурсіне және де инстаграм парақшасында жарияланды.

74-тармақты орындау мақсатында, 2018 жылдың 22 маусымында «Мемлекеттік қызметші» мерекесі қарсаңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының мотивациясын күшейту және нығайту мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосқаны үшін аудан әкімі Е. Жылқыбаевтың атынан мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етілді.

87-тармақты орындау мақсатында, Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен қүресу нүнінің қарсаңында Медеу ауданы әкімі Е. Жылқыбаевтың «Единным фронтом против коррупции» тақырыбындағы «Вечерний Алматы» (№ 147 06.12.2018ж№) газетіне жарияланды.

Медеу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында барлық мемлекеттік органдар мен қызметтер өзара іс-әрекеттері тығыз байланыста.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда және Медеу ауданы әкімінің тұрақты бақылауында.