A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

АҚПАРАТ

 

№ 1 тармақ

         Аудан әкімінің Интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» банер орнатылға, онда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласыныңІс-шаралар жоспары» және оларды орындау туралы қазақша және орысша ақпарат орнатылған.

№ 21 тармақ

Медеу ауданының Д.Қонаев және Құрманғазы атындағы көшелер аймағында коммуналдық сауда-саттық алаңдарын көбейту мақсатында демалыс күндер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда Алматы облысы Талғар ауданының кәсіпкерлері ет-сүт және әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізіп отырады. 

№ 29 тармақ

         Медеу ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

         Мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Веб-порталында электрондық нұсқада жүзеге асырылды. Жүйе мемлекеттік сатып алулар саласындағы электрондық қызметке берілген бірыңғай рұқсаттама желісін құрып, Интернет жүйесіне қосылған кез келген компьютерден тапсырысша, ұйымдастырушы және өнім беруші ретінде мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді.

         Мемлекеттік сатып алулар туралы деректер мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады. Онда тендердің корытындылары, конкурсқа қатысушылар және жеңімпаздар туралы мәліметтер жарияланады.

№ 31 тармақ

Медеу ауданы әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік таныту көзқарасын қалыптастыруда жастармен жұртшылықты тарту мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді.

         Ауданда сыбайлас жемқорлық көріністері мәселелері бойынша 2016 жылға басшылардың есебін тыңдау кестесі бекітілген.

Көрсетілген іс-шаралардың барлығы "Нұр Отан" партиясы Медеу аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық Кеңесінің қатысуымен өткізіледі.

Бекітілген кестеге сәйкес 2016 жылы Жергілікті полиция қызметі Медеу аудандық ІІБ, Медеу аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасы, Медеу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімшесі, Медеу аудандық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімі, Медеу аудандық білім бөлімдерінің есебі тыңдалды.

         2016 жылдың 18 тамызында Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында "Азаматтардың заңды мүдделері мен олардың құқықтарын  қорғау мақсатында қызметтік этика және жоғары моральдық-адамгершілік атмосфера" тақырыбында "дөңгелек үстел" отырысы болып өтті.

         Аталған іс-шара прокуратура, сот, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызметтер істері жөніндегі Агенттік Департаментінің, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық Кеңесінің қатысуымен өтті.

         2016 жылдың 13 қазанында Медеу ауданы әкімінің төрағалығымен Достық үйінде 2017 жылғы бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша ведоствоаралық кеңес өткізілді. Аталған іс-шарада аудан әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша жұмысты күшейту керектігін ерекше атап өтті.

         Бұл жөніндегі ақпараттар "Хабар", "Алматы", "Қазақстан" телеканалдарында ақпараттандырылды.

         2016 жылдың 2 желтоқсанында Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі мен "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының, Медеу аудандық прокуратурасының, сонымен қатар «Азаматтық Альян» мемлекеттік емес ұйымдардың бірігуімен студент жастар арасында "Парасыз сессия" тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды.

         Өз кезегінде жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдері жастарымызға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет саясатының негізгі бағыттары туралы көрнекті құралдарды пайдалана отырып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы бойынша түсіндіріп өтті.

         Бұл жөніндегі ақпараттар Медеу ауданы әкімінің әлеуметтік желілер ресурстарында жарияланған.

№36 тармақ.

Аудан тұрғындарының сенімін нығайту, аппарат қызметінің мөлдірлігін жоғарылату, өз қызметін асыра пайдаланғаны туралы фактілер мен "Қазақстан Респуликасы мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексі" нормаларын бұзған лауазымды қызметкерлер  жайлы тұрғындардың тез арада хабарлауына мүмкіндік жасау және оған жедел ден қою мақсатында 2-91-62 нөмірлі "Сенім телефоны" аудан әкімінің әлеуметтік желі ресурсында көрсетілген. Оған қосымша әкім аппаратының ғимаратына кіре берісте сыбайлас жемқорлық пен лауазымын асыра пайдаланғаны туралы азаматтардан келіп түскен хаттар үшін арнайы жәшік орнатылған. Онда түскен хаттарды аппараттың арнайы жауапты қызметкері алып отырады.

         Ақпараттандыру мерзімінде 2016 жылы аудан әкімі мен аппарат қызметкерлеріне байланысты сыбайлас жемқорлық заңдылықтарын бұзғаны туралы ақпарат келіп түспеген.

         Әкім және оның орынбасарлары, аппарат басшыларының жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері мен уақыттары арнайы белгіленген. Аудан әкімінің Интернет-ресурсында ІІБ Жергілікті полиция қызметі мен құқық қорғау органдарының басшылары мен учаскелік инспекторлардың да телефондары көрсетілген. Ғимараттың кіре берісінде ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі Агенттіктің "Біздің міндет - халыққа қызмет ету" тақырыбында баннер ілініп, онда бірегей байланыс орталығының 1494 (ақысыз қызмет) нөмері көрсетілген.

         Жеке тұлғалардың өтініштері 12.01.2007 жылғы ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі" туралы Заңына сәйкес қарастырылады.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындаушылық тәртіпті реттеу мәселелері аудан әкімі аппаратаның кеңестерінде қаралады.

         Ақпараттандыру мерзімінде 2016 жылы "құқықтық жалпы оқыту" аясында "Сыбайлас жемқорлық туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы",   "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі" туралы Заңдары аясында 12 семинар өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінде мемлекетіміздің дамуындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанның әрбір азаматы мен жастары бұл зұлымдықты жою мақсатында белсене атсалысуы тиіс.

         Медеу ауданында жемқорлыққа қарсы күрес жолының тиімділігін арттыру мақсатында барлық ұйымдар мен қызметтер арасында өзара іс-қимыл қамтамасыз етілген.

         Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Медеу ауданы әкімінің басты назарында.

 

Мемлекеттік-құқық

бөлімінің басшысы                                                             Р.Исламова