A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясын іске асырудағы 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шара Жоспарынын 1 және 14 тармақтарының орындалуы туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясын іске асырудағы 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шара Жоспарынын 1 және 14 тармақтарының орындалуы туралы ақпарат


Медеу ауданы әкімінің интернет-ресурсында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық іс-шара Жоспарын іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Борьба с коррупцией» тақырыбында арнайы айдар ашылған.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларын күшейту барысында, аппарат қызметкерлерінің құқықтық деңгейін арттыруға бағытталған 2015 жылға арналған арнайы құқықтық мектебінің Жоспары бекітілген. Жоспардың негізгі мақсаттарының бірі қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстыру және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу болып табылады.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында жыл сайынғы тапсыратын кіріс жөніндегі декларация бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекерттерге жол бергендігі үшін тәртіптік жазаға тартылуын болдырмау  мақсатында, жыл басында салық басқармасының өкілдерін тарта отыра құқықтық семинар өткізіліп отырады.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппараты ғимаратының әр қабатында бейне камералары орнатылған.

Аталған камералар аппарат қызметшілерінің өз жұмыс уақытын тиімді пайдалануына және сыбайлас жемқорлыққа қатысты күрес әрекеттеріне жол бермеуге негізделген.

Персоналды басқару (қадрлық қызметі) бөлімімен аппарат қызметшілерінің күнделікті, уақтылы (кешікпей) жұмысқа шығуы үнемі қадағаланып отырады. Жұмысқа уақтылы шықпаған жағдайда, барлық себептері анықталып, тиісті шаралар қабылданады.

Медеу ауданында барлық аудан қызметтерінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық деңгейін көтеру мақсатында арнайы құқықтық білім беру мектептерінің Жоспары бекітілген.

Аудандық қызметтер ай сайын Медеу ауданы әкімінің аппаратына тиісті ақпарат ұсынып отырады.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша аппарат қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру Тәртібі туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы» және т.б. 9 қолданыстағы заңнамалар бойынша құқықтық семинарлары өткізілді.

Өткізілген семинар барысында аппарат қызметшілері туындаған сұрақтарын қойып, көптеген проблемалы мәселелерді өзара талқылап отырады.

Семинар барысында  жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақтылы қаралмауы да сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттер болып саналатындағы үнемі ескертіліп отырады.

Құқықтық мектептер жұмысының маңыздылығы, ол мемлекеттік қызметшілердің құқықтық деңгейін заң аясында түсініктемелер беріп, үнемі жоғарлату болып табылады.

Аппарат қызметкерлері арасында есептік кезеңде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру Тәртібі туралы» және «Мемлекеттік қызметшілер этикасын» бұзу фактілері тіркелмеген.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуге қатысты, өткізілген іс-шараларының барлығы аудан әкімінің Интернет-ресурсында жарияланып отырады.

Медеу ауданында мемлекеттік органдарының қызметкерлері  арасында сыбайлас жемқолыққа және сыбайлас жемқорлыққа қатысты көріністерге жол бермеу мақсатында, Медеу ауданы әкімінің аудандық прокуратурамен келісе бекітілген аудандық қызмет басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған шаралары жөніндегі есеп беру Кестесі бекітілген.

Аталған Кестеге сәйкес есептік кезеңде Медеу ауданы тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есептері тыңдалды.

Есептердің нәтижесі бойынша Медеу ауданының әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу шараларын жандандыру және күшейту мақсатында тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар  берді.

Тұрғындар арасында құқықтық деңгейін көтеру мақсатында аудан әкімінің аппараты, аудандық Ішкі істер басқармасы, «Нұр Отан» аудандық партиясы филиалының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты, сондай-ақ, «Выбор» үкіметтік емес ұйымы, «Посади дерево» қоғамдық бірлестігі, «Азаматтық Альянс»  қоғамдық бірлестігімен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа, құқықбұзушылыққа «нөлдік» төзбеушілік  тақырыбында көптеген іс-шаралар өткізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан, наурыз айларында аталған Үкіметтік есем ұйымдарды тарта отырып, аудандық прокуратурамен бірлесе акция өткізілді. 

Акция  тұрғындардың көп шоғырланған жері: Қалдаяқов, Жібек Жолы, Достық даңғылы, Гоголь, Абдуллиндер көшелерінде өтіп, 28 гвардияшы- панфиловшылар саябағында аяқталды.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа және ұсақ құқықбұзушылыққа жол бермеу.

Іс-шара барысында қатысушылар 200-ден астам жаднамалар таратып, өткізіліп отырған шараның мақсаты жөнінде түсініктемелер берді.

Аталған акция «Dostyk Plaza» сауда кешенінде жалғасты.

Акция барысында студенттер мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері акцияның тақырыбы жазылған майкалар киіп, сонымен қатар ақцияның тақырыбы жазылған 100-ден астам  шарларды сауда кешеніне келген тұрғындарға және көшелерде 800-ден астам жаднамалар мен парақшалар таратты. Барлық таратылған материалдар саны 1000-нан астам.

2015 жылдың басынан Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен ауданда 2 акция өткізілді (2014жылдың қортындысы бойынша - 3 акция өткізілді.) 

14 тармақ

Медеу ауданы әкімінің Интернет-ресурсында 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясын іске асырудағы 2015-2017 жылдарға арналғанАлматы қалалық іс-шара Жоспары мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 17 маусымында Медеу ауданында 2015 - 2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясын іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары,  Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камаловтың қатысуымен «Ғылым ордасы» ғимаратының мәжіліс залында 5 айдың қортындысы бойынша аудандық мәжіліс өткізілді.

Аталған іс-шараға «Нұр Отан» аудандық филиалының өкілдері, аудандық қызмет басшылары, сот төрағасы, аудандық прокуроры, Ішкі істер басқармасы бастығының, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері төрағаларының қатысуымен өтті.

Мәжіліс соңында ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қоғамды тарта отырып, жандандыру үшін аудан әкімі барлық мемлекеттік мекемелерге аудан прокуратурасымен келісе арнайы 2015-2016 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспарын бекітуді ұсынды.

Өткізілген шара жөніндегі ақпарат «Қазақстан» телеарнасы, «Алматы ақшамы» газетінің беттерінде жарияланды.

Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа, құқықбұзушылықа «нөлдік» төзбеушілік  тақырыбында аудандық прокуратура, Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен аудан көлемінде акция өткізіледі деп жоспарлануда.

Аудандық білім беру мекемелерінде аудандық прокуратура, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Алматы қалалық мамандандырылған ауданарлық сотының судьяларының қатысуымен семинарлар және семнар-иренингтер өткізілуі жоспарланған.

Жоғарыда аталған Кесте бойынша ағымдағы жылдың қазан айында  Медеу ауданы Қорғаныс басқармасының және Медеу аудандық ІІБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде 9 ай аралығында атқарылған жұмыстары туралы есеп тыңдалады деп жоспарлануда.

Медеу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл бағытта ауданда тұрақты түрде шаралар атқарылуда және аудан әкімінің үнемі бақылауында.