A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



2016 жылдың І жарты жылдығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтамасы


2016 жылдың І жарты жылдығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша анықтамасы

2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР «Жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңының 1 бабының 5 тармағын, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» ҚР мемлекеттік қызмет істері бойынша министрдің Жарлығын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Медеу ауданы әкім аппаратында жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілді (ары қарай – аудан әкімінің аппараты).

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2016 жылы 15 маусымдағы №01-7/22 қаулысымен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы құрылды (ары қарай – жұмыс тобы). 

Жұмыс тобымен аудан әкімі аппараты өз қызметін басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілері қарастырылды. 

Алматы қаласы Медеу ауданы әкім аппараты Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемелкеттік ұйым болып табылады.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімшілігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімшілігінің шешімдеріне, нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметінде 2016 жылдың І - жарты жылдығына арналған жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттарда өткізілді:

         Есептік кезеңде аудан әкімінің 3 шешімі және атқарушы органның негізгі қызметінің мәселелері бойынша 112 қаулысы енгізілді. 

          Әкімнің енгізілген шешімдері Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркеліп, ҚР Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» бағытталады. Аудан әкімі қаулыларының көшірмелері ай сайын Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасына жеткізіледі және барлық қаулылар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінде сақталады.

         Аудан әкімі аппаратының қызметі барлық материалдық-техникалық қаражаттарымен жабдықталған. Ағымдағы жылы кеңсе тауарлары жалпы сомасы 1376000 мың теңгеге, шаруашылық тауарлары 403,0 мың теңгеге алынды.  

         Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Медеу ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2016 жылдың 6 ай кезеңінде 12 отырыс өткізіп оның ішінде 20 сұрақ қаралған.

2016 жылдың 6 ай кезеңінде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Медеу ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы тарапынан Алматы қалалық арнайы мамандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына 4 талап арыз жіберілген, оның ішінде 3 арыз ата-ана құқығын айыру туралы бойынша, ал 1 арыз ММ Алматы қаласының Девианты мінез-құлықты арналған ұйымына жіберу жөнінде болған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 25.08.2014 жылға № 898 санды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындаөкілеттіктерді ңаражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, нормативті–методологиялық қызметін қамтамасыз ету мен азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылауды қоспағанда,азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі жергілікті атқарушы органдарға берілді. Алматы қаласы Медеу ауданы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 9 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

         1) «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; (ХҚКО арқылы – 1852, мемлекеттік орган арқылы – 288, электронды үкімет порталы арқылы – 42)

         2) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;(ХҚКО арқылы – 0, мемлекеттік орган арқылы – 350, электронды үкімет порталы арқылы – 430)

         3) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;(ХҚКО арқылы – 1230, мемлекеттік орган арқылы – 369, электронды үкімет порталы арқылы – 8)

         4) «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;(ХҚКО арқылы – 0 мемлекеттік орган арқылы – 240, электронды үкімет порталы арқылы –0)

         5) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;(ХҚКО арқылы – 0, мемлекеттік орган арқылы – 184, электронды үкімет порталы арқылы –0)

         6) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;(ХҚКО арқылы – 0, мемлекеттік орган арқылы – 3, электронды үкімет порталы арқылы –0)

         7) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;(ХҚКО арқылы – 630, мемлекеттік орган арқылы – 14, электронды үкімет порталы арқылы – 0)

         8) «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;(ХҚКО арқылы –, мемлекеттік орган арқылы – 13, электронды үкімет порталы арқылы –0)

         9) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;(ХҚКО арқылы – 332, мемлекеттік орган арқылы – 51, электронды үкімет порталы арқылы –30)

         Мәдениет және тілдер дамыту бөлімі келесi спорттық разрядтар беру бойынша жұмыстар жүргізүде; 2-разрядты спортшыларға, 3 – разрядты спортшыларға, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшыларға, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшыларға,жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшыларға спорттық разрядтарын беру, сондай-ақ біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттыжаттықтырушыларға, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскерлерге,біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші саннаты нұсқаушы-спортшыларға,спорттық төрешілерге біліктілік санаттарын береді.(қызмет көрсетілді: халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 1, мемлекеттік орган арқылы – 0, элетрондық үкімет порталы арқылы - 0)

         Жыл басынан бері Медеу ауданы әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан – 757 өтініш, ал заңды тұлғалардаң 231 келіп түсті.

Қазіргі таңда ауданда тарихи және мәдени мұраның 59 ескерткіші орналасқан, соның ішінде – 15 республикалық маңызы бар ескерткіштер болса, ал  44-і жергілікті маңызға ие ескерткіштер болып табылады.

Медеу ауданы әкімі аппаратында, үйде әлеуметтік көмек көрсететін                   4 бөлім жұмыс атқарады. Штаттық кесте бойынша 56 қызметкер, нақты саны 48 қызметкер, оның ішінде: 4 меңгеруші және 4 консультант және                           40 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жасайды. Бөлімшелерде 330 зейнеткерге қызмет көрсетіледі. Жыл басынан әлеуметтік көмек көрсетуге                                  20 жалғызбасты зейнеткер қабылданды. Бөлімше меңгерушілерімен апта сайын әлеуметтік қызметкерлерге кезекті жиналыстар өткізіледі. Әлеуметтік қызметкерлер барып-келу күнделіктерін арнайды.

Аудандағы Қорғаншылық және қамқоршылық Кеңесінің есебінде                              іс-әрекетке қабілеті жоқ деп танылғандар бойынша 9 комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысында келесі мәселелер қарастырылады:

1. Іс-әрекетке қабілеті жоқ деп танылған азаматтарға қорғаншы  тағайындау.

2. Қамқоршы тағайындау.

3. Жәрдемақы алу бойынша рұқсат беру .

4. Зейнетақы алу үшін рұқсат беру.

5. Жылжымайтын мүлікке қойылған шектеуді алу.

6. Мемлекетке қарасты жер телімін өтеп алуға рұқсат беру.

7. Пәтерді сатуға рұқсат беру.

8. БЖЗҚ-нан ақшалай қаражатты алу үшін рұқсат беру.

9 отырыс негізінде, аудан әкімімен 12 өкім шығарылды.

         Ауданның мердігер ұйымдары «Тәртіп» АҚ, «Алматы Тазалық» МКМ, «BSHZ-Dostyk Company» ЖШС, «Алатау Авто СпецТехника»ЖШС, «Грин Ланд» ЖШС қалалық, аудандық және аймақтық маңызы бар көшелерді, жаяу жүргінші жолдарды, арық жүйелерін, жер үсті жаяу жүргінші өткелдерді, саябақтарды, тынымбақтарды тазалау және жасыл желектерді күту бойынша жұмыстарын жүргізеді.

         Сондай ақ келесі жұмыстар түрі жүргізілген: сыпыру, қоқыстарды тазалау, аумақтарды тазалау, аумақтарды механикалық тазалау, қоқыс салатын урналарды тазалау, бұтақтарды, жапырақтарды, қоқыстарды шығару, шөпті пішіндеп қырқу.

         Аудан әкімі аппаратының штаттық саны 2016 жылдың 1 шілдесіне қарағанда 40 бірлікті құрайды. Шынайы саны – 28 қызметкерді құрайды. Аудан әкімі аппаратының қызметкерінің жеке істері қарастырылды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпарат сервисінен» аппарат қызметкерлері тексерілді.   

         2016 жылдың 6 айында аудан әкімінің орынбасары лауазымына Сейдакматов Адис Жаратбекович қабылданды; әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы (санаты Е-4) - конкурс өткізілмеді, кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы (санаты Е-4) – конкурс өткізілмеді, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы санаты Е-4 – конкурс өткізілмеді.

2016 жылдың 8 шілдесіне қарай аудан әкімінің аппаратында 12 бос лауазымдар бар: 1 лауазым аудан әкімінің орынбасары (Е-1 санаты),                1 лауазым аудан әкімінің көмекшісі санаты (Е-3), 1 лауазым персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) бөлімінің басшысы (Е-3 санаты),                 1 лауазым қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы (Е-3 санаты), 2 лауазым қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 лауазым көріктедіру бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 лауазым азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 лауазым әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты).

           Алматы аймақтық орталығының қайта даярлау және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру курстарына 11 қызметкер жіберу жоспарланған, І жарты жылдықта қайта даярлау курсына 2 адам, біліктілігін арттыру курсына 4 адам жіберілді. Барлық қызметкерлер бағдарламаны табысты аяқтағаны туралы сертификат алды.

Есептік кезеңде 2016 жылдың 25 мамырдағы №01-6/44 аудан әкімінің өкімімен Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппарат басшысы Н.Ғұмырзақтың қызметтік жазбасына сәйкес, көріктендіру бөлімінің бас маманы Нұрлан Рахатұлы Құтыбаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. 

           ҚР Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет агент департаментінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 4-3-1-2-3851 хатына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Жүнісәліұлы Әбдіқалықов № 160000131000024 санды қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылып, оған қатысты күзетпеу ұстау бұлғартпау шарасы қолданылған.

           2016 жылғы 14 маусымдағы № 01-6/59 аудан әкімінің өкімімен Алматы қаласы Медеу ауданы әкім аппаратының тәртіптік комиссиясының шешімімен Талғат Жүнісәліұлы Әбдіқалықовқа «атқаратын лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.