
Медеу ауданының ресми интернет-ресурсының www.medeu.almaty.kz құрылуынабайланысты, 2005 жылдың басында Алматы қаласының Медеу ауданы әкімі аппаратының Веб-сайт сүйемелдеу тобы ұйымдастырылды.
Интернет-ресурсаудандық, қалалық және республикалық жаңалықтарды, іскерлік, анықтамалық және танымдық ақпараттарды ұсынады. Сайттың электрондық байланысының жәрдемімен Медеу ауданының әкімі тұрғындардың сұрақтарына тұрақты негізде жауап береді.
Бұдан басқа, оның бөлімдері мен аудан қызметтері туралы, оның аумағында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар туралы ақпараттар алуға, сондай-ақ маңызды объектілер туралы білуге, сөйтіп Медеу ауданының ғана мақтанышы болып қоймай, оңтүстік астананың да мақтанышы болып табылатын интернет-ресурсбеттерінен оқырмандар әкім аппаратының қызметімен толық танысуына болады.
Интернетті пайдаланушылар, өзі туралы мәліметті қалдыра отырып, біздің интернет-ресурсбеттерінде өздерін толғандырып жүрген түйінді мәселелер туралы материалдарын, сындарлы ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстары мен тілектерін, өзінің сын-ескертпелерін жариялауға мүмкіндігі бар.
Өз хабарларыңызды мына сайт почтасына жіберулеріңізге болады:
- Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72;
- Телефон нөмірлері: 291-06-04;
- e-mail: site.medeu@a-a.kz;