A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Әкім аппараты ӘКІМ АППАРАТЫ



Медеу аудандық Ардагерлер кеңесі


Медеу аудандық Ардагерлер кеңесін алғаш құрушылар мен ұйымдастырушылардың тарихи анықтамалары

1986 жылы Орталық Комитеттің Коммунистік партиясы ұйымының отанымызда «Соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлерінің Кеңесін құру» туралы қаулы шығарды.

2011 жылдың ақпан айында Алматы қ. Медеу аудандық Ардагерлер кеңесіне 25 жыл толды

1980 жылы Фрунзе аудандық комитеті ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып алғаш Чепарухин Алексей Дмитриевич тағайындалды.

Атқарылған үлкен істерден кейін, ардагерлер қоғамы 1986 жылы ақпан айында Фрунзе аудандық Ардагерлер кеңесі қазіргі Медеу аудандық Ардагерлер Кеңесі болып өзгертілді.

Осы арлақты 25 жыл ішінде басқарушы қызмет атқарғандар:

  1. Чепарухин Алексей Дмитриевич
  2. Амиров Шаку Амирович
  3. Аскаров Калыш Шармоданович
  4. Бмиенов Ояз Бименович
  5. Бисембиев Мырзахан Бисембиевич
  6. Серикбаев Ким Серікбайұлы 2007 жылдың 27 тамызынан бастап жұмыс атқаруда.

Тұңғыш Төралқаның 19 мүшесінен қазіргі таңда қалғаны 2 адам. Олар:

  1. Пугачева Валентина Иосифовна - мектептер комиссиясының төрайымы болған.
  2. Захарова Анна федоровна - ревизор болған, қазіргі таңда зейнеткер, 95 жаста.

Тұңғыш Кеңес пен төралқаның атқарған жұмыстары аудандық Компартия мен жоғарғы Кеңесінің және көпшілік жоғарғы ұйымдардың жоғары бағалары мен құрметтеріне қол жеткізіп журді.

2010 жылы 8 желтоқсанда өткен 9-шы сесптік-сайлау конференциясында жаңадан 38 адам Ардагерлер Кеңесінің мүшелігіне сайланды. Төралқа мүшесіне - 15 адам.

Бұдан басқа, тағы да 6 комиссия жұмыс атқаруда, олар:

  1. Әдістеме жиынтығын ұйымдастыру;
  2. Жастарды адамгершілікке және ержүректілікке тәрбиелеу;
  3. Әлеуметтік-тұрмыс мәселелері;
  4. Дәрігерлік және санаториямен қамтамасыз ету;
  5. Мәдени-бұқаралық жұмыс жөнінде;
  6. Спортпен сауықтыру жұмыстары;
  7. Соғыс ардагерлерімен жұмыс жасау бөлімі.

Ауданда 28-гвардияшы-Панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға мемориал орналасқан.

Ауданымызда 16 балалар бақшасы, 31 мектеп, лицейлер және колледждер бар. Жоғарғы оқу орындарымен де біздің Ардагерлер Кеңесі тығыз байланыста.

Ауданымыздың ардагерлері 10-нан аса спортпен-сауықтыру шараларына қатыса отырып, жүлделі орындарды иемденуде.

«Ветеран» және «Ардагер» атты ардагерлер хоры тыңдаушыларын тамсандырып ризашылықтарына кенеліп, аудандық, қалалық мекемелерде ән салып жүр. Оның музыкалық басқарушысы Т.Г. Губина және Ұ.А.Тәшімбетова.

Медеу аудандық ардагерлер кеңесі үнемі зейнеткерлер тізімін мұқият тексеріп, оларды әр салада санап, сапасын, туған жылы, айы, күні, алатын зейнетақы мөлшері, мекен жайы, телефондарына дейін, округ бойынша белгілеп, олардың тұрмыс-тіршілігі жайында біліп, құрметтеп, шамалы көмек көрсетіп отырады.

  1. Ауданымызда барлық есеп бойынша ардагерлер саны - 24 462 адам, оның ішінде:
  2. Мүгедектер және Отан сағысы ардагерлері - 162
  3. Еңбек майданына катысушылар - 3 346
  4. Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың жесірлері - 4
  5. Қаза болған мүгедектердің жесірлері - 197
  6. Ленинград қорғанының тұрғындары - 14
  7. Саяси репрессияның құрбандары - 266
  8. Ерекше зейнеткерлер - 139
  9. Социалистік Еңбек Ері - 2
  10. 80 жастан асқандар - 2 333

90 жас - 65

100 жастан жоғары - 8

Сонымен қатар ауданымызда соғыс ардагерлері мен мүгедектерді кезекті тізім бойынша мерейтойларымен, туылған күндерімен құттықтап отырады.

Ардагерлдер Кеңесінің ұсынысымен осы жылы 2 10 зейнеткерлерге еңбек майданына қатысушы статусы берілді. Олар 1941-1945 жылдары кемінде 6 ай жұмыс істегендер және 1936 жылы дейін туылғандар ұсынылған.

Ауданымызда тұратын барлық зейнеткерлер 102 бастауыш мекемелерінде тіркелген (БАК).

  1. Ірі КСК - 46, оның 12 жеке сектор;
  2. 20 жоғарғы оқу орындары;
  3. 3 дәрігерлік мекемелер.

Әлеуметтік үйлерді аралау қорытындысымен жалғызбасты, жағдайы төмен зейнеткерлер жекелей тізімге алынып оларға арнайы көмек көрсету жағдайы жасатылған.

Аудан ардагерлер Кеңесі көп жылдар бойы жастарды отан сүйгіштікке,үлкендерді сыйлауға, ержүректілікке, Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен еңбек майданына қатысушылар алдында бас иуге, адамгершілікке, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйреніп, жоғары бағалап, оны сақтай білуге тыңғылықты үйретеді