A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Әкім аппараты ӘКІМ АППАРАТЫ



Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының жұмыс Регламенті


Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының
жұмыс Регламенті
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
            1.         Медеу ауданы аумағындағы атқару билігін, Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген тәртіпте, тағайындалатын немесе сайланатын аудан әкімі жүзеге асырады.
            2.         Әкім қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, осы Регламентпен және өзге Қазақстан Республикасының Парламенті-құқық актілерімен  реттеледі.
            3.         Әкім қызметінің ақпараттық-зерттеу, ұйымдастыру –құқылық және материалдық-техникалық қамтамасыздығы әкім аппаратымен жүзеге асырылады. Бұл мақсаттар үшін аудан әкімі, әкім орынбасарларын тағайындап, аппарат құрайды.
            4.         Аудан әкімінің орынбасарлары, әкім белгілеген, міндеттер үлестіруіне сай қызметтерін атқарады. Егер аудан әкімі орнында жоқ болса немесе оның өз міндеттерін орындалуына мүмкіншілігі болмаса, оның өкілеттігін орынбасарлардың біреуі жұмысын жүзеге асырады.
            5.         Аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысының негізгі қызметтерін толық орындалуына қосымша үлестіру міндеттерін бағыттап толығымен бекітіп күнделікті әкімге есеп беріп отырады.      

II. МЕДЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ
            6.         Аппарат басшысы бөлімдер мен басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіріп, бағыттайды, аудан әкімінің қала әкімі аппаратымен, аудан әкімдерімен, аудан қызметтері және құрылымдық бөлімшелерімен жедел байланысын қамтамасыз етеді.
            7. Медеу  ауданы  әкімі аппаратының, аппарат басшысында сақталатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген екі мөрі бар, Медеу ауданы әкімі аппаратында жалпы бөлімінің бастығында сақталады.
            Аппарат бөлімдері аудан әкімі бекіткен, Медеу ауданы әкімінің аппараты туралы, Ереже, аудан әкімінің орынбасарларымен келісілген, бөлімдер туралы ережелер негізінде қызмет етеді.
            8.         Құрылым, штат саны Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген, лимиттер шегінде қала әкімімен бекітіледі.
            9.         Аудан әкімінің аппараты жергілікті бюджет есебінен қызмет ететін,  мемлекеттік мекеме болып табылады.
            10.      Аудан әкімі әр жеті сайын, дүйсенбі күні, түскі сағат 12-де, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының, бөлім бастықтарының қатысуымен жоспарлы мәжіліс және сәрсенбі күні сағат 8.30-да аппараттың қызметтер және құрылымдық бөлімшелердің бастықтарының қатысуымен кеңейтілген жоспарлы мәжілістер өткізеді. Жоспарлы мәжіліске дайындалған мәселелер бойынша аппарат басшысы жауап береді. Бағыт бойынша аудан әкімінің сұраныстарын сапалы дайындау.
            11.      Ауыспалы кестесі бойынша күнделікті аудан әкімдері аппарат басшысы құрған аудан әкімі аппараты бөлімдерінің жұмысы жөнінде және ауданның іс жағдайы жөнінде жоспарлы мәжілісте баяндайды.
            Азаматтардың қаралған арыздарының нәтижесі жөнінде ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бастығы ақпарат береді.
            12.      Аудан әкімінің орынбасарлары қажеттілігіне қарай, жетекшілік жүргізетін бөлімдер, қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлерімен мәжілістер өткізеді.
            13.      Аппарат басшысының қажеттілігіне қарай бөлім бастықтары және аппарат басшыларымен аппарат мәжілістерін өткізеді.
            14.      Кәсіпорын мен ұйымдардың, мекемелердің, идаралардың басшылары, әдетте, аудан әкім аппаратына сағат 14.00-ден кейін шақырылады.
15.      Аппарат қызметкерлерінің және жауапты орынбасарларының тәулік бойғы, мерекелік күндердегі және демалыс күндеріндегі әкімнің бекітілген кезекшілік кестесі апта сайын беріліп қол қойылып құрылып отырады. Кезекшілікте отырған аппарат қызметкерлері кезекшіліктің соңында түскен барлық күрделі жағдайдағы сұраныстары жөнінде телефон шалған барлық нақтылы сұрақтарын, кітапшаға тіркеп, осы ақпараттарды жауапты әкім орынбасарларына жеткізеді. Аудан әкімінің орынбасарлары кезекшілік кезіндегі түскен сұрақтар бойынша аудан аумағын аралап шығып санитарлық тазалықтарын бақылап, сонымен бірге орындарына барып қарап белгілі бір шара қолданады.
16.      Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының қала шегінен шығуы қала әкімімен және жетекшілік жүргізетін орынбасарларымен келісіледі.

III.МЕДЕУ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
17.      Медеу ауданының жыл сайынғы іс-әрекеттер жоспары Қазақстанның-2030 жылға дейінгі Стратегиясының дамуы, жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларынан алынып, әзірленеді.
Аппарат бөлімдері, аудан қызметтері ұсыныстарының негізінде даярланған іс-әрекеттер жоспары аудан әкіміне экономика мәселелеріне жетекшілік жүргізетін әкім орынбасары жүргізіледі.
Бекітілген жоспар онда қойылған мәселелерді орындау үшін аппарат бөлімдеріне, аудан қызметтеріне жіберіледі.
18.      Аудан өткізіліп жатқан негізгі шаралардың тоқсан Сайынға және ай сайынғы жоспары Алматы қаласы әкімінің аппаратына келесі тоқсан, ай басталуына дейін 5 күн бұрын беріледі.
19.      Бөлімдерде аудан әкімінің орынбасарларымен бекітілген, ағымдағы жұмыс жоспарлары құрастырылады.
20.      Аптасына әр жұма сайын алдыңғы шараларды жүзеге асыруға нақтылы сағат 11.00-ге дейін әкімге күнделікті жұмыс жоспарларын құрайды.
21. Аудан бойынша жоспарлар мен негізгі шаралардың орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктеледі.

IV.МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТАУАР, ЖҰМЫС ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
22.      Аудан әкімі мемлекеттік сатып алу тауар, жұмыс және қызметін, сонымен бірге өзінің конкурстық комиссияның құрылымына өткізу жөнінде шешімдерді шығарады.
23.      Конкурстық комиссияның құрамына оның мүшелері және төраға орынбасарлары, комиссия төрағасы кіреді.
24.      Шешімдерді жүзеге асыру үшін жалпы бақылауды іске асыру және жұмысты жоспарлау, мәжіліс, комиссиясының төраға қызметінің басшылығымен аудан әкімі орынбасарлары конкурстық комиссияның төрағасы болады.
25.      Көріктендіру және құрылыс бөлімінің бас маманы конкурстық комиссияның хатшысы болып келеді.
26. Конкурстық комиссияның құрамы бекітілгеннен кейін және оның хатшысы бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде конкурс өткізуге жария етеді.
27.      Екі-үш жалпылама комиссия мүшесінің есебінде конкурстық комиссия мәжілісі өткізіліп отырады.
28.      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңындағы 12 бабының 1 тармағында көрсетілген ақпарат құжаттарын аудан әкімі аппаратына берілуі міндетті.
29.      Конкурстық комиссия өткізілгеннен кейін, конкурста ұтылғандар дауыс берушілер анықталып, жалпы бағада анықталып, конкурстық құжаттарын көрсетеді.
30.      Бекітілген конкурс қорытындысы бойынша хаттамаға конкурс комиссиясының төрағасы, орынбасарлары және комиссия хатшысы, мүшелері қол қояды.
31.      Конкурс қорытындысы жөнінде хаттамада сатып алу, тауар, жұмыс, қызметтер үшін әр қайсысының лотосында бөлінген ақшасы көрсетілуі тиіс.
32.      Мемлекеттік сатып алу келісім шартына бұрыштама барлық комиссия құрамы және мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы бір данасына қол таңба қоюмен жүргізіледі.
33.      № 2 формасы бойынша орындалған жұмысты қабылдау кесіміне қол қою құқығы болады: коммуналдық-шаруашылық сұраныстарының мәселелерін шешу жөніндегі аудан әкімінің орынбасары, жалпы бөлімінің бастығы, көріктендіру бөлімінің бастығы және жолданған қызметтері бойынша көріктендіру бөлімінің бас мамандары.

V.МЕДЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ӨКІМДЕРІН ДАЯРЛАУ, РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ЖІБЕРУ ТӘРТІБІ
34.      Әкім әкімшілік-нұсқаулық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша қалыптылық-құқылық сипаттағы шешімдер шығарады.
35.      Әкімнің өз құзырлығы шегінде қабылданған кесімдерінің Медеу ауданы аумағында міндетті күші болады.
36.      Аудан әкімінің сәйкес шешімдері мен өкімдерінің жобаларына сәйкес бөлім қызметтерімен дайындалады. Даярланған шешімдер мен өкімдер жобасының қажеттілігіне қарай, осы шешімнің және өкімнің қабылдануы қажеттілігінің негізгі және  сол мәселенің қысқа мазмұны баяндалған анықтама жасалады.
37.      Барлық құжаттар осы салаға жетекшілік жүргізетін аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы және әкімнің нормативтік – құқықтық актілеріне қосымша құжаттардың дайындығына, толықтығы және дұрыстығына дербес жауапкершілікті орындаушы қол қояды.
38.      Шешімдер мен өкімдердің жобасы қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
39.      Олардың сапасы дер кезінде дайындалуы мен ұсынылуы үшін жеке жауапкершілікті аппаратқа сәйкес бөлімдерінің бастықтары және кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімі жүргізеді.
40.      Түпкілікті даярланған әкімнің шешімдері мен өкімдері белгіленген үлгідегі бланк терге басылады және қол қоюға ұсынылады.
Егер құжаттың жобасы осы Регламент талаптарын бұзушылықпен даярлан болса, мемлекеттік-құқық бөлімі, сонымен бірге Қазақстан Республикасы заңдылығымен қайта өңдеуге қайтарады.
41.      Қосымшаларына аппарат басшысы қол қойған, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары, аппарат басшысына беріледі. Егер құжаттар пакеті толық жинақталмаған болса, орындаушы үшкүндік мерзімнен кешіктірмей, жетпейтін материалдарды ұсынуы қажет.
Құжаттың түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін, түзетулер енгізуге болмайды.
42. Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің қосымша даналарына қажеттілік пайда болған жағдайда, тек аппарат басшысының рұқсаты бойынша беріледі.
43. Әкім шешімдері мен өкімдерінің бұдан ертерек жіберілген даналарын ауыстыру, тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Бастапқы жіберілген құжаттар қайта шығарылуы тиіс, қайтарылған даналар жойылады.
44.      Жалпыға міндетті, идаралық, сипаттағы немесе азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне қатысты әкім кесімдері белгіленген низам тәртібімен Қазақстан Республикасының Әділеттік Министрлігінің аймақтық орындарымен мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет.
45.Аппарат басшысының қолымен  мемлекеттік-құқық бөлімі дайындаған анықтама-негіздемелік қосымшасымен оның көшірмесі және мемлекеттік тілде және орыс тіліндегі шешімдерінің түпнұсқасын екі аптаның ішінде мемлекеттік тіркемеге жіберілуі қажет немесе жалпыға міндетті, идаралық, сипаттағы нәтижесі.
46.      Әкімнің азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне қатысты кесімдері міндетті ресми тіркеуден өтуі тиіс.
Жариялануы тиіс орыс және қазақ тілдерінде қабылданған әкімнің шешімдері мен өкімдері бұқаралық ақпарат құралдарына берілуі үшін, кадр жұмысын ұйымдастыру бөліміне жіберіледі.

VI.ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
47.      Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті мен Үкіметінің кесімдері, қала басшыларының тапсырмаларының орындалуына бақылау жұмысын аудан әкімі қамтамасыз етеді.
48.      Аудан әкімі аталған кесімдерді алғаннан кейін, оларды жүзеге асыру шараларын белгілейді.
49.      Бақылауға алу туралы белгісі болғанда, құжаттың орындалу мерзімдері бойынша компьютердің мәліметтерінің базасында және бақылау кәртішкесінде белгі қойылып, орындалуға жіберіледі.
50.      Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Үкіметінің бақылауға алынған кесімдерінің, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін дер кезінде және сапалы орындалу жауапкершілігі, орындауға жіберген әкім орынбасарларына, аппараттың сәйкес бөлімдерінің басшыларына, қызметтері мен бөлімшелердің бірінші басшыларына жүктеледі.
51.      Орындалу мерзімдері жоғарыда тұрған ұйымдардан түскен, құжаттарда аталған, нақты мерзімдерді шегеріп тастағанда, құжаттардың аппаратқа түскен күніне бастап есептеледі.
Егер олар жоқ болса, құжаттардың бір айға дейін орындалу мерзімі белгіленеді, ал егер «шұғыл» деген белгі болған жағдайда, орындалушының алған күннен бастап, он күндік мерзім белгіленеді.
52.      Бақылауға алынған құжаттардың орындалу мерзімін қадағалауды кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімі бақылау жүргізеді.
53. Бақылау құжатының орындалу мерзімі, осы құжатқа қол қойған тұлғалар белгісімен, орындаушының қызметтік жобасы негізінде ұзартылады, Ескертпелер жөнінде орган қайдан түскен құжаттар туралы білуі қажет.
Мерзімнің ұзартылғаны жөнінде кадр жұмысын ұйымдастыру бөліміне хабарланады.
54.      Әкімнің шешімдері мен өкімдері, оның жеке бақылауына алынған құжаттарды тек әкіммен ғана бақылаудан алынады, ал қалған құжаттарға сәйкес лауазымды тұлғалармен алынады.
55.      Орындалған құжаттардың бақылаудан алынуы мен оларды қарапайым жұмыс бақылауға алынғаны жайында кадр жұмысын ұйымдастыру бөліміне хабарлануы тиіс. Хабарлама үшін жауапкершілікті орындаушы жүргізеді.
56.      Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімі шешімдер мен өкімдердің орындалу барысында, олардың орындалуының қарап және іріктеп тексерулерін жүргізеді.
Үкіметтік құжаттардың, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау және тексеру мәселелеріне аппарат басшысы өткізетін жедел мәжілістерде талқылауға беріледі.

VII. ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ
57.      Алматы қаласының аппаратына, Алматы қаласы Мәслихатына енгізетін ұсыныстар аудан әкімімен енгізіледі.
58.      Аудан әкімі атынан кәсіпорындарға, ұйымдарға, идараларға берілетін ұсыныстар, ақпараттар, қорытындылар мен өзге құжаттар аудан әкімінің келісімі бойынша әкім орынбасарларымен енгізілуі мүмкін.

VIII. КАДР МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ
59.      Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 маусымындағы            № 453-1 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, әкімшілік мемлекеттік лауазым алу конкурсы негізінде жүзеге асырылады.
Аудан әкімінің бос орындарына келген үміткерлерді іріктеуден жүзеге асыруға өкілеттігі бар, конкурстық комиссия қалыптастырады.
Конкурстық комиссияның шешімі бос лауазымға тағайындалуы үшін негіз болып табылады.
Кадрларды босату мәселелері Қазақстан Республикасының низам заңдарымен белгіленген тәртіпте, аудан әкімімен шешіледі.
60.      Әкім орынбасарын, аппарат басшысын тағайындау кезінде қала әкімі аппаратының кадр жұмысын ұйымдастыру бөліміне келесі аталған құжаттар жіберіледі:
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;
- Өмірбаяны;
- Білім туралы дипломдарының көшірмелері;
- № 086 медициналық анықтамасы;
- Еңбек кітапшасы;
- (4х6)–3 сурет;
- оның тағайындалуы жөніндегі шешімнің көшірмесі.
61.      Кадр мәселелері бойынша шешімдер, өкімдер және басқа құжаттар жобасын даярлауды аппарат басшысы жүзеге асырады.
62.      Мемлекеттік емес қызметі жөнінде кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімі бос орындарды іріктеу кадрлардың жұмысы бойынша өткізуді қамтамасыз ету. Осы лауазым бойынша кадрлық резерв қалыптасуы тиіс.

IX. ХАТТАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
63.      Аудан әкімі аппаратына түсетін азаматтардың хаттары мен ұсыныстары, арыздары мен шағымдары қарастырылады және оларды алған күннен бастап, оларға бір айдан аспайтын мерзімде шешімдер қабылданады. Қосымша қарастыру мен тексеруді қажет етпейтін азаматтардың хаттары сол арада, кешіктірілмей, 15 күн ішінде қарастырылады. Шағымдарды шешу мерзімі ұзартылу мүмкіншілігі, егер олар қосымша тексеруді қажет ететін болса, осы жайында міндетті түрде хат жазған тұлғаға хабарлай отырып, бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
64.      Азаматтарды қабылдау келесі күндер мен апта сағаттарында аудан әкімі және оның орынбасарларымен жүзеге асырылады:
Қабылдау тұлғасы
Апта күндері
Уақыты
Аудан әкімі
Айдың бірінші, үшінші дүйсенбісі
14-30-17-00
сағ.
Аудан әкімінің экономика өнеркәсіп, көлік және байланыс мәселелері бойынша, кәсіпкерліктік қызметін өркендету сауда саласын, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орынбасары
сәрсенбі
14-30-17-00
сағ.
Аудан әкімінің көріктендіру және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша орынбасары
сейсенбі
14-30-17-00 сағ.
Аудан әкімінің мәдениет,тілдерді дамыту, білім және спорт бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі ішкі саясат бөлімі мәселелері бойынша орынбасары
бейсенбі
14-30-17-00
сағ.
Аудан әкімінің аппарат бөлімдері мен аудан қызметтері жұмысын үйлестіру мәселелері жөніндегі аппарат әкімінің басшысы
жұма
14-30-17-00
сағ.

65.      Аудан жұртшылығына арналған сенім телефоны күнделікті қызмет етеді.
66.      Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлеріне сәйкес салаларға жетекшілік жүргізетін, әкім орынбасарларына азаматтардан түскен шағымдарды, арыздарды қабылдауды, хабарламаларды шұғыл түрде жеткізеді.
67.      Әкім және оның орынбасарларының сенім телефоны бойынша азаматтарды нақтылы уақытында қабылдау, тапсырылған жұмыстарды мерзімінде орындалуы жөнінде тікелей бақылау жасау ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

X. ӘКІМ АППАРАТЫ БӨЛІМДЕРІНДЕГІ  ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

            68. Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі барлық қызмет хаттарын және оның түскен күнін тіркейді. «Шұғыл» белгісі бар хат-хабарлар басшылықтың қарауына дереу беріледі.
            Аудан әкімі аппаратына түскен шағымдар мен өтініш ұсыныстарын –азаматтардың хаттары демалыс күндері жалпы бөлімінің маманы жеке дара журналда тіркейді, одан қол қойылып кадр жұмысын ұйымдастыру бөліміне беріледі.
            Электрондық поштаға сәйкес журналға тіркеу және қабылдауды жалпы бөлімінің маманы жүзеге асырады–аудан әкімінің қабылдау бөлімінің хатшысы жеке өзінің журналына тіркеп, одан қол қойылып кадр жұмысын ұйымдастыру бөліміне беріледі.

            69.      Шығыс хаттарының көшірмелері атқарушылармен, аппараттың сәйкес бөлімшелерінің бастықтарымен, осы бағытқа басшылық жүргізетін әкім орынбасарларымен қол қойылады, ал құқық мәселелері бойынша мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығымен қол қойылады. Бұрыштамаға аты-жөні аталған және уақыты көрсетілген жеке қолы енгізілген.
            70.      Қала әкімі және оның орынбасарларынан, оның ішінде орталық ұйымдардың басшыларынан, департамент директорынан агентствадан келген шығыс хаттарына аудан әкімі қол қояды, сонымен бірге және қала идарасының аудан әкімінің жетекшілігі бойынша жіберіледі, ал егерде аяқ астынан орынбасарлардың біреуі болмай қалған жағдайда ғана белгілі бір тәртіп бойынша міндетін орындайды.
            71.      Кіріс хаттарын алу және шығыс хаттарын жіберу, құжаттардың бөлімнен бөлімге немесе басқа ұйымдарға берілуі, тек кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
            Бөлім қызметкерлері және әкім қабылдау ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінен тіркеусіз құжаттарды қабылдау рұқсат етілмейді.
            72.      Қол қойылған шартқа мемлекеттік сатып алу заңды және жеке тұлғалар байланысына қатысты мемлекеттік-құқық бөлімінің қызметкерлерімен жүзеге асырылып, бір данасы бөлім бастықтарының бұрыштамасына қол таңба қойылуға тәртіп бойынша жүргізілуі міндетті.
            73.      Аудан әкімі аппаратының және оның қызметтерінің лауазымды тұлғаларымен мәселелер шешу барысында заңды және жеке тұлғалар байланысын шектету қағидасын сақтау, сондай-ақ жоғарыда аталған тұлғаларды түпкілікті нәтижелер туралы хабарлау ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
            74.      Жабық жеке тұлғаның ақпарат тапсырмасы белгіленген бір тапсырмада арнайы әкім аппаратында белгіленеді, жасырын құжаттарды сақтайтын үй жай бар. Қызметтік хат-хабарлардың ену мүмкіншілігі тек қана ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы жауапкершілікке алады, өткендегі арнайы тексеруден өткен, құпиялы құжаттардың ену деңгейіне сәйкес аудан әкімінің бекітілген өкімі болу керек.
            75.      Құжаттардың сақталуы және қызмет хабарламаларының тарап кетуін жібермеу жауапкершілігін бөлім бастықтары, аудан әкімінің құрылымдық бөлімше басшылары жүргізеді.
            76.      Әкім аппаратының құжаттары орындаушыларға қол хат арқылы тапсырылады.
            77.      Аудан әкімі аппаратының идаралық архивтік кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы ұйымдастырып, нормативтік құжаттар негізінде ұйымдастыру-кадр жұмысы бөліміне жүктеліп, аудандық құжаттар архивке тапсырылу жүзеге асырылады.
           
            Осы Регламент оны бекіту сәтінен бастап, өз күшіне енеді және тек аудан әкімімен ғана қосымшалар енгізіліп, өзгертілуі мүмкін.