A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Әкім аппараты ӘКІМ АППАРАТЫ



МЕДЕУ АУДАНЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Бүгінгі күні Медеу ауданы әкімінің аппаратында   38 мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді, 2016 жылы аппарат 42,5 пайызға жаңа кадрлармен толықты.

Аппарат қызметшілерінің кәсіби шеберлігіне баса назар аударылуда, нақты айтқанда 13 қызметші үш тілді меңгерген болса, ал 2 қызметшінің шетелдік (батыс елдерінің) білімдері бар.

Осы орайда, аппарат қызметшілерінің орта жас мөлшері 32 жасты құрайтынын айта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы                     30 желтоқсандағы  № 404 Жарлығына сәйкес 2017 жылдың                  1 шілдесіне дейін аппараттың 21 мемлекеттік қызметкері  (55,5 %) кешенді аттестациядан өтеді.

Азаматтардан келіп түскен өтініштер:

2016 жылы аудан тұрғындарынан жалпы саны                      1595 өтініш келіп түсті, соның 426-сы тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылыққа қатысты болса, көріктендіру мәселесі бойынша – 637, білім саласы бойынша – 60, әлеуметтік салаға қатысты – 125 өтініштер келіп түсті.

Келіп түскен өтініштердің 60 пайызына қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте түсініктеме берілу арқылы жауап қайтарылды. Өтініш берушілер көтерген мәселелердің                          35 пайызы оң шешілді. 5 пайызы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, жұмыстың тиімділігін арттыруда аппараттың ресми интернет-ресурсындағы                       «Әкімге сұрақ» айдары оң септігін тигізуде.

2016 жылы әкімдіктің ресми интернет-ресурсына тұрғындар тарапынан 643 өтініш келіп түсіп, қаралды.    

2016 жылы аудан тұрғындары мен аудандық коммуналдық қызметтердің өзара бірлескен іс-әрекетін жолға қою мақсатында әкімдіктің ресми medeu_akimat инстаграмм парақшасы ашылды.

Қазіргі уақытта, аудан тұрғындарының белсенділігінің арқасында аталған инсаграмм парақшаға жазылушылардың саны 2000 адамнан асып, тұрғындармен кері байланыс орнатудың тиімді құралына айналып отыр.

Есептік кезеңде инстаграмм парақшаға тұрғындар тарапынан 200 өтініш келіп түсті.  Барлық мәселелер тез арада зерделеніп, аз уақыт ішінде өтініш иелеріне                           «до и после» форматында жауап қайтарылды.

Аудан бюджеті

   2016 жылы аудан бюджеті 3,9 млрд. теңгені құрады,         бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға артық.       Жоспар 100 пайызға орындалды.

Салық түсімі.

 

Бүгінде ауданымыз қала көлемінде төмендегі экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз етіп отыр:

 

ØҚаржы операцияларының 70%;

ØБарлық салық түсімдерінің 30%, Салыстармалы түрде айтар болсақ, Медеу ауданы салық түсімі бойынша Наурызбай ауданынан 100 есеге, шағын және орта кәсіпкерлік бойынша 19 есеге, өнеркәсіп өндірісі бойынша 33,5 есеге артық көрсеткіш көрсетіп отыр.

ØБөлшек және көтерме сауда тауар айналымының бестен бір бөлігін;

ØІАТ (ішкі аймақтық тауардың) 2/3 бөлігін.

 

Бүгінгі таңда Медеу ауданы салық жинау көрсеткіші бойынша қала көлмінде ғана емес, республика көлемінде бірінші орынды иеленіп отыр.

   2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салықтар түсімі 529 млрд. теңгені құрайды, немесе түсім 107%-ға орындалды, соның ішінде РБ 326 722 млн теңге,                   ЖБ 73 586 млн. теңге.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі                       71,2 млрд. теңгені құрады. Қала бойынша жалпы инвестицияға шаққандағы ауданның үлесі 19,6 пайызды құрайды. Жыл басынан бері 11 ірі нысан ашылып, оған салынған инвестиция көлемі 4,5 млрд. теңгені құрады. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының  саны – 700.     

   Экономикалық дағдарысқа қарамастан,                                    Медеу ауданы жаңа кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға ең қолайлы орын ретінде қалуда. Оған аудан көлемінде тоқтаусыз жаңадан ашылып, дамып келе жатқан жаңа кәсіпкерлік нысандары айқын дәлел.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер санының жыл сайынғы өсу қарқыны 5-7 пайызды құрап, олардың жалпы саны 11,5 мыңға жетті.

Ауданда 19 982 өнеркәсіп кәсіпорны тіркелген, соның ішінде нақты жұмыс істейтіні - 11 451. Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер саны - 83 185 адамды құрайды.

   Аудан экономикасының негізі шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады.

   Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің                    саны - 18 857 кәсіпорын, 2015 жылмен салыстырғандағы                      1 446 бірлікке өсім байқалады, соның ішінде, қолданыстағылар – 10 472, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 912 бірлікке артық.

   Аталған кәсіпорындарды қолдау жұмыстары кәсіпкерлікті қолдауға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілуде.    

   Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік Картасы бойынша       10,5 млрд. теңге инвестиция көлемінде, 500 жаңа жұмыс орнын ашу арқылы 5 жоба іске асырылды.

   2016 жылы қаладағы ең үлкен ойын-сауық орталықтарының бірі саналатын «Colibri» сауда орталығы ашылды. Сонымен қатар, жаңадан қоғамдық тамақтандыру нысандары өз жұмыстарын бастады.

  

   Соның бірі 450 млн теңге көлемінде инвестиция салынып, қала көлемінде тұңғыш рет этно дәмхана ретінде ашылған «Жайлау» дәмханасы болып табылады.

   Сонымен қоса, 3 заманауи үлгідегі «Сапар де люкс», «Шера Парк Ин» және «Макан» қонақ үй кешендері қолданысқа берлді. .

   Бір сөзбен айтқанда, тек былтырғы жылдың өзінде қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін 18 – ден астам орта кәсіпкерлік нысандары ашылды.

   Елбасы айтқандай, жаңа индустрияның қалыптасуының маңызды шарты тың инновацияларға қолдау көрсетіп, олардың тезарада өндіріске енуіне жағдай туғызу болып табылады.

Бүгінде ауданда IT технология саласында жұмыс істейтін ұтымды жобаларды іске асыру мақсатында құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» жұмыс істейді.

Қазіргі таңда аталған мекемеде 150 инновациялық компания жұмыс істейді және соңғы 2 жылда олардың көлемі 4 есеге артқан.

Еркін экономикалық аймақта 10 жыл қызмет көрсетіп келе жатқан мекемеге салынған инвестиция көлемі                               20 млрд. теңгеден асып түсті, тауарды өткізгеннен кейінгі түскен пайда 95 млрд. теңгеге жетті. Аталған кәсіп орында тек 2016 жылдың шінде 223 жұмыс жаңа орны құрылды.

   Өткен жылы ауданның шағын және орта бизнес субъектілері 92 847 млн. теңгеге немесе қала көлемінің          13,4% құрайтын өнім өндірді. Ауданның салық түсімінің                         65 % ШОБ кәсіпорындарына тиесілі.

    «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша құны 4,5 млрд. теңгені (қызмет көрсету, ТБС, балабақшалар) құрайтын 13 жоба іске асырылып,                         1000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.        

   «Жібек Жолы» аймақтық жобасы бойынша                                  945,8 млн. теңге сомасында 15 жоба жүзеге асырылды.

   2016 жылы интеллектуалды автотұрақ жүйесі жүзеге асырыла бастады. Аудан бойынша 664 орында осындай автотұрақ ұйымдастырылып, 28 паркомат орнатылды.

   Аталған жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде бюджетке 22 млн. теңге сомасында түсім түсті.

   Ауданның туризм саласы

   Бүгінгі таңда туризм саласы әлемдік экономиканың перспективті салаларының бірі болып табылады, табыскөзі бойынша мұнай-газ және афтомобиль құрастыру саласынан кейінгі үшінші орынды иеленеді.

   Туризм саласы Алматы қаласы, соның ішінде                      Медеу ауданы үшін қарқынды дамудың негізгі драйвері болуы әбден мүмкін.

   Мысалыға, «Шымбұлақ» тау шаңғы кешені ұқсас курорттармен салыстырғанда эропорт пен кешеннің жақындығы жағынан 1-ші орынды иеленеді, сырғанау маусымының ұзақтығы жағынан 2-ші орынды, ал қардыңсапасы жағынан 5-ші орынды иеленеді. 

   Өткен жылғы қысқы маусым «Шымбұлақ» және «Медеу» жоғары таулы курортына келушілердің саны жағынан рекордттық көрсеткішке қол жеткізілді.                            Аталғанорындарға келушілердің саны бір күнде 28 мың адамға жеткен.

   Бұл алдыңғы маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық. 

   «Global Destination Cities index» бағалауы бойынша орта есеппен әрбір шетелдік турист күн сайын                                    245 АҚШ доллар жұмсайды. Бұл тау туризмі жағажай туризмінен 5 есе көп табыс түсіреді деген сөз.

 

Мұндағы негізгі міндеттемелердің бірі ақша-кредит саясатын ынталандыру және экономиканы қаржыландыруға жеке капиталды тарту болып табылады.

Мемлекет Басшысы инфляция деңгейін кезең-кезеңмен кемітіп, 3-4 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізу міндетін қойып отыр.

Сондықтан да, ауданымызда баға өсімінің алдын-алу бағытында шұғыл шаралар қабылдануда:

- 33 позиция бойынша баға өсіміне апта сайын мониторинг жүргізілуде;

- Негізгі тауарлар бағасын көтермеу жөнінде                                   сауда орындарымен 200 меморандум жасалынды;

- ауданда тұрғындарына арналған «шұғыл желі» жұмысы жолға қойылды.

  2016 жылдың тамыз айынан бастап нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағамен 24 әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкелері өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғастырылатын болады.

Биылғы жылғы жәрмеңкелер жаңа стандартпен, яғни заманауи павильондарда ұйымдастырылатын болады.

Ауданымыздың көріктендіру саласында атқарылған жұмыстар:

Есептік кезеңде 73 көшеге орташа жөндеу (ямочный) жұмыстары жүргізілді, ұзындығы  10 шақырымды құрайтын                   18 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалынды. Сонымен қоса, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша ұзындығы 27 шақырым болатын көшелерге жалпы сомасы 800 млн. теңгеге  жөндеу жұмыстары жүргізілді (мкр. Сулусай, Аккайын, Колсай). .

Төле би көшесі Қайырбеков көшесінен Шығыс айналма жолына дейін 1, 94 шақырымға ұзартылып, Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысында жол айырығының құрылысы жүргізілді. 

   Аудан көшелеріне жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде сапалы жолдардың ұзындығы 288 шақырымды немесе жалпы көшелер ұзындығының 80 пайызын құрады.

Аудан бойынша көріктендірілген аймақтың көлемі                      1, 387 шақырымды, ал жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлардың ұзындығы 150 шақырымды құрайды.

2016 жылы ескірген сауда дүңгіршіктері бар                              12 аялдама кешендері бұзылып, орнына заманауи үлгідегі жаңа 12 аялдама құрылысы жүргізілді.

   Ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 11 арық жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыру сомасы – 73 млн. тг.

         

   Аудан көшелерін қардан уақытылы тазарту мәселесі айырықша назарға алынып отыр.

   Көшелерді тазалауға жалпы саны 200 арнайы техникалар жұмылдырылды. Қыс маусымы басталғаннан бергі кезеңде аудан аумағынан 64 м3 астам қар шығарылды (2015 жылы қыс бойы шығарылған қар мөлшері 47 м3). 

   Бұл бағыттағы жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында күн сайын аудан көшелері мен аулаларындағы тазартылмаған қарлар, мұздар мен қоқыстарды анықтау үшін аралау жұмыстарын жүргізуде.

   Нақты айтқанда, 2016 жылдың басынан бері 220 заңды тұлғаға тиісті аумағын қардан уақытылы тазаламағаны                    үшін жалпы сомасы 6,1 млн. теңге сомасында айыппұл салынды, соның 65-і ЖПИК болып табылады.

   Өзекті мәселелердің бірі аудан аумағын қоқыстардан уақытылы тазарту мәселесі болып табылады. 2016 жылы тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі 36 мың тоннаны құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Қалдықтарды тазалаумен 14 кәсіпорын айналысады.

  

Көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары.

     Есептік кезеңде 4 саябақта, 2 желекжолда (бульвар) «Теренкур» демалыс аймағында жалпы сомасы                                     127 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

   Көшелер мен саябақтарда 8 663 м2 гүлзарлар отырғызылып, 585 қоқыс салатын урналар мен                                 350 орындықтар орнатылды. 6 200 талдар мен 783 көшеттер отырғызылды.

   Қалаға көрік беретін негізгі элементтердің                               бірі – ғимараттардың түнгі үйлесімді жарықтануы болып табылады.

   2016 жылы ауданның белгілі 9 ғимаратына түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Олар, Орталық мешіт, Қазақстан қонақ үйі, Отырар қонақ үйі, ҚР Орталық музейі, Арасан емдеу-сауықтыру кешені, Алатау қонақ үйі, Медеу жоғары таулы мұз айдыны, Абай ескерткіші, Оқушылар үйі, сондай-ақ Фурманов көшесі, 220 мекен-жайында орналасқан тұрғын-үй.

   Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданның 9 жерінде тірек қабырғаларды табиғи таспен қоршау,                       сәндік көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Салынған инвестиция сомасы – 35 млн. теңгені құрады.

   «StreetWorkout»-пен шұғылдануға арналған 2 алаң қолданысқа берілді, биылғы жылы осыған ұқсас және                               2 алаң ашуды жоспарлаудамыз. Салынған инвестиция                            сомасы – 7 млн. теңге.

   «Каменское плато» елді мекеніндегі Центральная көшесінің жол төсемдеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тартылған инвестиция сомасы – 3,5 млн. теңге.

   Тұрғындар тарапынан келіп түсіп жатқан өтініштерге байланысты бұл бағыттағы жұмыстар кәсіпкерлердің қолдауымен биылғы жылы да өз жалғасын табатын болады.

 

Өзекті мәселелердің бірі - көше жарықтандыру мәселесі.

   Себебі, бұл үлкен шаруашылық, аудан бойынша                    445,4 шақырым жарықтандыру жүйесі бар, аспалы шамдардың жалпы саны – 14 148. 2016 ұзындығы                               9,2 шақырым болатын 18 жарықтандыру діңгегінің электр кабельі ауыстырылды. Сонымен қоса, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «АБН Групп» компаниясы                                             24 көшенің бойындағы 1301 жарықдиодты шамдар ауыстыру жұмыстарын жүргізді. 

Бұл жұмыстар көше жарықтандыру мәселесі өзекті күйде тұрған Каменское плато, Развилка, Экран, Юбилейный ықшам аудандары мен Луганский, Оспанов көшелерінде жүргізілді. Аталған бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасатын болады.

Жарықтандыру инфрақұрылымын жаңғырту жұмысы уақтыша тоқтап тұрған болатын.

Бүгінгі таңда бұл мәселе оң шешіліп, 70 көшеде жарықтандыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді және жалпысаны 2520 LED шамдар орнатылды.

   Ағымдағы жылы 1 мыңнан астам LED шамдарды ауыстыру жоспарлануда.

   Сонымен қатар, ауданның энергожүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. Атап айтсақ, өткен 2016 жылы 49 шақырым электр жүйелері қайта жөнделді.           Бұл, бұрнағы жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.

   Жалпы айтқанда, аудан бойынша электр жүйесі                 2414 шақырым болса, қосылған абоненттердің саны                       1500 немесе 2015 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық.  Абонненттер санының ұлғаюуына қарамастан жүйенің тозуы                             50 пайызға төмендетілді.

 

Сумен қамтамасыз ету мәселесі.

 

Өткен жылы 2 шақырым су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңдан 8 шақырым су құбыры тартылды.                      Бұл 80 абонентті орталық сумен жабдықтауға мүмкіндік берді. Бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25 пайызға артық.

Осы жұмыстардың нәтижесінде, су құбырының тозуы               35 пайызға, жоғалту 15 пайызға, ал аудан бойынша жалпы сумен қамту үлесі 88 пайызға дейін артты.

Сонымен бірге, абоненттердің берешек көлемі                         43 пайызға және орталық су жүйесіне заңсыз қосылу деректері 134-ке ұлғайғандығы байқалады.

Су тарту мәселесі.Бүгінгі таңда орталық кәріз жүйесіне қосылушылардың үлесі 75 пайызға дейін жетті. Орталық кәріз жүйесіне қосылушылардың санын арттырудағы қиындықтар бірқабатты құрылыстардың кәріз жүйесімен қамтылмағандығына байланысты орын алып отыр. Себебі, көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда, бір қабатты ғимараттарға кәріз жүйесін тарту анағұрлым көп шығынды талап етеді. Соған қарамастан, біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін қаржы көздерін қарастыратын боламыз.  

Әкімдік қызметінің басым бағыттарының бірі тұрғын үй және тұрғын үй құрылысы болып  табылады. Осыған орай, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар бағдарламаларды, соның ішінде ескірген тұрғын үйлерді бұзу бағдармаласы жүзеге асырылуда.

   Бүгінгі таңда, ауданымызда сонау 1970 жылдары салынған 465 үй және 1990 жылдары салынған 224 үй бар. 

Аталған үйлердің қолданыс мерзімі 50-60 жыл екенін ескерсек, үйлердің тозу үлесі 70-тен 100 пайызға дейін жетіп жығылады.

   Ауданда 68 ескірген көпқабатты үйлер және Казречка көшесінің бойында барақ тәрізді салынған  18 жеке үй бар. Аталған үйлердің тұрғындарының болжамды саны – 2 200 адам.

   Қазыбек би–Қайырбекова-Әйтеке би–Бәрібаев көшелерінің квадратында 9 үй сүріліп, 2016 жылы олардың орнына  178 пәтерлі 3 тоғыз қабатты үй құрылысы басталды. Салынған инвестиция сомасы – 9 млрд. теңге                              (ТОО «Алан Реалти»).

   Тек былтырғы жылдың өзінде жоғарыда аталған бағдарлама бойынша 2 есе артық немесе 65872 тұрғын үй құрылысы жүргізілді. «Тристар» тұрғын кешенінің құрылысы аяқталып, 88 үлескер өз пәтерлеріне ие болды. 

Коммуналдық-шаруашылық мәселесі. 

 

Медеу ауданда жалпы саны 22 061 тұрғын үй бар. Соның ішінде, 752-сі көпқабатты тұрғын-үй болса,                                    21 310-ны жеке үйлер. Аулалардың саны – 511.

Былтырғы жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 455 млн. теңгеге 65 аулаға көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 125 млн. теңге сомаға 13 аула көріктендірілді.

Дегенмен де, аудан аулаларын көріктендіру бағытында атқарылатын жұмыстар шаш-етектен. Бұл ретте, аулаларды таза күтіп ұстау жекеменшік пәтер иелерінің кооперативтерінің негізгі міндеті екенін айтқым келеді.

    Инвесторлар қаражаты есебінен жалпы сомасы                           88 млн. теңгеге 15 тұрғын-үйдің фасадын бояу жұмыстары жүргізілді. 

Жоғарыда атап өткенімдей, тұрғын үй қорын күтіп ұстауда жекеменшік пәтер иелерінің кооперативтері негізгі рөл атқарады. Аудан бойынша 146 жекеменшік пәтер иелерінің коперативтері жұмыс істейді.

Жекеменшік пәтер иелері кооперативтерінің қызметі.

   

Жекеменшік пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне қатысты келіп түсетін арыздар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Мысалыға, 2015 жылы 24 шағым келіп түскен болса, 2016 жылы 36 шағым келіп түсті. Тұрғындар негізінен                      ЖПИК қаражатының шығындалуындағы ашықтықтың болмауына шағымданады. Ашықтықтың болмауынан жекелеген ЖПИК-нің әкімшілік шығындары 80 пайызға                     дейін жетіп жығылады, ал үйлерді күтіп ұстауға жиналған қаражаттың 20-30 пайызы ғана жұмсалады. 

Соның салдарынан жөндеу қажет ететін көпқабатты үйлер жөндеусіз қалуда. Мысалығы, «Есентай» ЖПИК жиналған қаражаттың 80 пайызын қызметкерлерінің еңбақысына жұмсаған. Осыған ұқсас жағдай «Достық - 5» ЖПИК орын алып, әкімшілік шығындар үлесі 70 пайыздан асып түскен. Осы іспеттес мысалдарды көптеп келтіруге болады. Нәтижесінде көптеген көпқабатты үйлердің жағдайы мүшкіл халде.

Өкінішке орай, осындай жағдайдың орын алуына басты себеп тұрғындар тарапынан тиісті дәрежеде бақылаудың болмауы болып отыр.

Қолданыстағы заңнама бойынша жиналған қаражаттың шығындалуын ЖПИК әкімшілігі өзі шешеді. Тұрғындар өздері сайлап алған ЖПИК төрағаларына шағымданудың орнына, мемлекеттік органдарға арызданады.

Тұрғындар мемлекеттік органдардың                              ЖПИК төрағаларын сайлау үдерісіне араласуға құқығы жоқ екенін жақсы түсінулері тиіс.

Сондықтан да, тұрғындарды осы мәселеге қатысты белсенділік танытуға шақырамын.

ЖПИК жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар Үкімет пен Парламент мәжілісіне жолданды.

Аталған ұсыныстар қабылданып, ЖПИК қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, тұрғын үйлердегі өзекті мәселелердің шешілуіне оң септігін тигізетін болады.

Әлеуметтік сала.

Экономикалық тәуекелдер жағдайында, мемлекетіміз халықты әлеуметтік қолдау шараларын белсенді түрді іске асырып келеді. Себебі, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Елбасы Жолдауынан кейін бұл бағыттар ерекше қарқынға ие болатыны анық.

Бүгінгі таңда әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған санаттағы жастарға, студенттерге, көпбалалы және толық емес отбасыларға, зейнеткерлерге, сондай-ақ мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға айырықша көңіл бөлініп отыр.

Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі бұған дейін де, бұдан кейін де әкімдік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді.

Көпбалалы және жас отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қала бюджетінен 3 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат балабақшалардағы 2 мен 5 жас аралығында балаларды ұстауға жұмсалуда. Соның арқасында, ата-аналардың балабақшаға төлейтін төлемақысы 23 мың теңгеге азайып отыр. Бұл үлкен көмек деп ойлаймын.

Сонымен қатар, мүмкіншілігі шектеулі балалар,                            1-2 топтағы мүгедектер, көру қабілеті төмен азаматтар,                    ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер қоғамдық көлікте ақысыз жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілудеі, ал көпбалалы ата-аналарға 50 пайыз жеңілдік жасалынуда.  

Қаламызда жол жүру билеттері қалпына келтіріліп, мектеп оқушыларына 1000 теңге мөлшерінде, зейнеткерлер мен көпбалалы ата-аналарға 2000 мөлшерінде, ал студенттерге 3000 теңге мөлшерінде белгіленді. 

Жыл басынан бері 1 716 адамға жалпы сомасы                     40 693 611 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төленді.  Әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылғандардың жалпы саны – 10 342 адам, әлеуметтік төлемдердің жалпы                     сомасы – 488 124 679 теңге

«Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында                          6 жастар орталығы жұмыс істейді. Аталған орталықтардағы спорттық секциялар мен шағармашылық үйірмелеріне                    5000 – нан астам студент жастар мен оқушылар ақысыз негізде қатысуда.   

Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - бұл таяудағы онжылдықтағы Қазақстанның дамуының басты бағыты. Негізгі басымдық – халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашу.

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша аудандық Жұмыспен қамту орталығына 2 357 адам өтініш білдірді, соның ішінде мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың саны – 86 адам, әйелдер саны – 1023,                       29 жасқа дейінгі жастар саны – 965 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жергілікті бюджет есебінен жіберілгендердің саны -  55 адам, республикалық бюджет есебінен жіберілгендер – 73 адам, жастар іс-тәжірибесіне жіберілгендер – 86 адам.  

Жыл басынан бері тұрақты жұмыс орындарына орналастырылғандар саны – 1103 адам, жұмысқа орналасуына көмек көрсетілген мүмкіншілігі шектеулі азаматарадың саны – 67.

Сонымен қатар, тұрақты түрде мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіп келеді. Аталған жәрмеңкеге қатысқан мүмкіншілігі шектеулі жандардың                       70 пайызы жұмысқа орналастырылды. Бұл игі бастама биылғы жылы да өз жалғасын табатын болады.

 

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аудан инфрақұрылымы мен әлеуметтік дамудың негізгі тетігіне айналып отыр.


üАтап айтса, 2016 жылы ауданымызда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің аясында 5,1 млрд. теңгеге                           30 жоба іске асырылды.

ü2016 жылы Космодемьянский көшесінің бойында                                       № 168 мектептің жаңа ғимараты салынды, тартылған инвестиция көлемі - 1,2 млрд. теңге.

ü«Сұлусай» ықшам ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді, тартылған инвестиция көлемі– 30 млн. теңге.

ü96 орынға арналған  №125 балабақшаның жаңа ғимараты салынды, салынған инвестиция сомасы – 1,1 млрд. тг.

üСамал-2 ықшам ауданында 120 орындық №115 балабақша құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді. Тартылған инвестиция көлемі408 млн. тг.

üЖалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 24 жекеменшік балабақша ашылды.

Денсаулық сақтау саласы.

Ауданда 3 мыңға жуық медицина қызметкерлері жұмыс істейтін 12 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді.                     2016 жылдың желтоқсанында № 5 қалалық клиникалық ауруханасының жаңа 4 қабатты ғимаратының құрылысы аяқталды.

Денсаулық сақтау сапасын арттыру, балалар және ана өлімін азайту бойынша көрсеткіштер айтарлықтай жақсарғаны байқалады.

Сонымен қатар, туберкулез ауруымен ауыру және туберкулезден қайтыс болу көресткіші төмендеді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес                      үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Соған байланысты,халық арасында кең көлмеде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынжүргізу қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта, әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін енгізду түсіндіру жөніндегі қалалық штаб құрылды және өңірлік мобильді топтар мен қалалық анықтама-орталығының мамандары даярланды.


Білім беру саласы

 

Ауданның білім беру жүйесі 28 мемлекеттік және                                 6 жекеменшік мектептен тұрады. Соңғы сегіз жыл қатарынан білім рейтингінің барлық көрсеткіштері бойынша ауданымыз алдыңғы орында келеді, Алматы қаласының аудандары арасында Ұлттық Біріңғай тестілеу нәтижесі тұрақты екінші орында.  «Алтын белгi» аттестатына үміткер                                57 бітірушінің 47-сі білімдерін дәлелдеп «Алтын белгі» иегері атанды. 37-сі бітіруші мектепті үздік аттестатпен бітірді.                                     ҰБТ қорытындысы бойынша № 169, 12, 53, 161, 131, 56, 172 мектептер жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы, 2015 жылмен салыстырғанда 17 мектеп өз нәтижелерін айтарлықтай жақсартты.   

   2016 жылғы қалалық «Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы» конкурсында №159 гимназия – гран при, №12 дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия – 1  орынды иеленді.

   Республикалық «Үздік педагог - 2016» байқауында да                     Медеу ауданының мұғалімдері жүлдеге ие болды.

    Ауданда жыл сайын оқушылар санының өсіп келе жатқаны байқалады. 2015 жылмен салыстырғанда мектеп оқушыларының саны 2 мың адамға артқан. Оған себеп,                     ішкі көші-қон үдерісінің жандануы. Негізінен бұл үдеріс жоғары көрсеткіштерге ие мектептер орналасақан орталық аудандарында сезілуде. Білім саласына қатысты қосымша ақпараттарды экрандағы слайдтарымыздан қарауларыңызға болады. Білім беру саласы менің айырықша назарымда тұрған салалардың бірі болып табылады.  

 

Мектепке дейінгі білім бері саласы.

    

Мемлекет Басшысының бастамасымен                                  «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып келеді.

Бүгінгі таңда, ауданда 6261 тәрбиеленушісі бар                                          68 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде: 18-і мемлекеттік балабақша, 44-і жекеменшік балабақша және 6-ы мини-центр болып табылады.  

2016 жылы аудандағы тұрғын-үй кешендерінде  коттедждер мен коммерциялық үй-жайларды жабдықтау арқылы жобалық қуаты 1000 орынды құрайтын 24 жекеменшік             мектепке дейінгі білім беру мекеме және 4 мини-центр ашылды.

2016-1017 оқу жылдарының басында мектепке дейінгі мекемелердің саны 24,23%-ға немесе 1 221 орынға өсті. 2015 жылы 5 040 баланы қамытыған 48 балабақша жұмыс істеген болса, 2016 жылы 6 261 баланы қамтып отырған                                  68 балабақша халыққа қызмет көрсетуде.

 «Балапан» бағдарламасының аясында 27 балбақша жұмыс істейді.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің аясында                            2016 жылы 220 орындық 2 мемлекеттік балабақша салынды (өсім - 220).

Тартылған инвестиция сомасы - 2,4 млрд. тнг.

Соның нәтижесінде, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үлесі                                       2015 жылғы 42,7 пайыздан, 2016 жылы 58,5 пайызға жоғарылатуға қол жеткізілді.

         

Қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Қауіпсіздігі тұрақты мемлекет – ең қуатты мемлекет екені белгілі.

Сондықтан да тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыс деңгейін төмендету мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді.

Аудан көшелері мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау механизмі тұрақты жетілдіруді талап етеді.

Қазіргі уақытта, қоғамдық қауіпсіздікті бейнебақылаусыз елестету қиын.

Бүгінгі таңда, «Қауіпсіз аула» жобасының аясында                       2 мың дана бейнебақылау камералары орнатылып, олардың санын 4 мыңға дейін жеткізілді.

Жалпы аудан бойынша Бірыңғай аналитикалық жүйеге біріктірілген 10 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істейді. 

   Биылғы жылы ауданның халық көп шоғырланатын барлық орындарында жаңа үлгідегі бейнекамераларды орнату бойынша жаңа жоба жүзеге асырылатын болады (саябақтар, гүлзарлар, алаңдар және т.б.).  

   Ұлт Жоспарына сәйкес құрылған Жергілікті полиция қызметі қылмыстың алдын алудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

   Жергілікті полиция қызметіне қылмыстың алдын алумен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды әлеуметтік маңызға ие міндеттемелер жүктелген. 

   Жергілікті полиция қызметкерлерінің жалпы саны                                                 248 адамды құрайды.

   2016 жылы қылмыстың барлық түрі бойынша тіркелген құқықбұзушылықтар саны 8,1 пайызға азайып, 8 432 мыңды құрады  

   Қылмыстардың барлық түрлерінің ашылу деңгейі жақсарып,  жалпы қылмыстар 5,7 пайызға, ауыр қылмыстар                    34 пайызға қысқарды.

   Кәмелетке толмағандармен жасалынған құқықбұзушылықтың үлесі 2,8 пайызға төмендеді.

   Жол-көлік оқиғалары 5,2 пайызға немесе 20 оқиғаға азайып, зардап шегушілер саны 8,6 пайызға қысқарды.

   Әкімшілік құқықбұзушылық деректерін анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс нысандарына тұрақты мониторинг жүргізіліп, заңсыз құрылыстар жойылуда.

   Нақты айтсақ, 2016 жылы 4 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, соның 1-і бұзылды.

   Сонымен қатар, жабайы сауда орындарын жою бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2 аудандық базардың әрқайсысына жеке-жеке жаңғырту картасы әзірленді.    

   Сондай-ақ рұқсат құжаты жоқ жарнама билбордтарды жою жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы 27 заңсыз жарнама құрылғысы бұзылды. 

 

    Ауданымызда отансүйгіштік, адамгершілік, салауатты өмір салтын құру, этносаралық және конфессияаралық келiсiмді нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 

    Ұлт болашағы – жастар!

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев                     Тәуелсіз Ел болашағы жастардың қолында екенін үнемі айтып келеді.

 

Сонықтан да, жастардың мәселесін оң шешу мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Ол жұмыспен қамту, жас отбасыларды үй-жаймен қамтамасыз ету, сапалы білім беру, жастардың бос уақытын тиімді өткізулеріне барынжа қолайлы жағдай туғызу және т.б.  

2016 жылы түрлі жобалар аясында 20 мыңнан адамның қатысуымен 150 іс-шара өткізілді.

Сонымен қоса, 15 мыңға жуық студент жастардың қатысуымен 120 патриоттық іс-шаралар өткізілді.

Есептік кезеңде аудандық әкімдіктің бастамасымен бірқтар креативті іс-шаралар өткізілді.  Аталған іс-шаралардың кейбіреулеріне толығырақ тоқталуға рұқсат етіңіздер.

  Ауданымызда мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Мерейлі - Медеу» қайырымдылық акциясы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2016 жылы шара аясында 7 мыңнан астам күнкөрісі төмен адамдарды қамту арқылы 88 қайырымдылық шаралар өткізілді.  

Сонымен қоса, 2016 жылы Медеу ауданы түлектерінің тұңғыш форумы өткізілді. Шараның мақсаты – әр жылдарда Медеу ауданының мектептерін тәмәмдап, айтарлықтай жетістіктерге жеткен азаматтардың ауданның білім беру жүйесін дамыту ісіне белсене араласуға тарту.

Бекітілген кестеге сәйкес, участкелік инспекторлардың халыққа есеп беру кездесулеру ұйымдастырылды. Жыл басынан бері 2 мың адамның қатысуымен 88 кездесу өткізілді.

Тұрғын үй кіреберістерінде мәслихат депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері төрағаларының, участкелік инспекторлардың, сондай-ақ аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің байланыс телефондары жазылған хабарламалар ілінді.

Көше мерекесінің аясында қала көлемінде тұңғыш рет «Абай» көшесінің мерекесі өткізілді. Аталған игі дәстүр биылғы 2017 жылы да өз жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, «Біз таза аула үшін!» акциясы жарияланып, аталған шара аясында мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлердің қолдауымен 6 спорт және балалар алаңдарының құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді. 

Сонымен қоса, жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Кәсіпкер құпиясы» акциясы ұйымдастырылып, 5 мыңнан астам жастардың қатысуымен 18 кездесу өткізілді.