A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Әкім аппараты ӘКІМ АППАРАТЫ



Персоналды басқару қызметі (Кадрлық қызметі) бөлімі


Персоналды басқару қызметі (Кадрлық қызметі) бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

1.     Жалпы ереже

1.Персоналды басқару қызметі (Кадрлық қызметі)бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қызметін жүзеге асырушы құрылымдық бөлімі болып табылады.

2. Бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, мәслихаттың, Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің актілерін, «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртібімен аудан әкімі бекітеді.

4. Бөлім құрамы

1) бөлім басшысы

2) бас маманы

2. Негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері

5. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті:

Медеу ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі – аудан әкімі аппараты) персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) аудан әкімі аппаратының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) аудан әкімі аппаратының кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) аудан әкімі аппаратының кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) аудан әкімі аппаратының кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

6. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) аудан әкімі аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) аудан әкімі аппаратында кадрлардың кәсіби дамыуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;

3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, қызметін өткеруді, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақталуын, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.

7. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – аудан әкімі аппаратында ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) аудан әкімі аппаратында еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

2) мемлекет қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, Медеу ауданы әкімінің актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

8. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

9. Персоналды басқару қызметі (кадр ќызметі) Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

10. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):

1) оған Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен және аудан қызметтерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Қызметін ұйымдастыру

11. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) аудан әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімдерінен ұйымдастырушылық дербес, аудан әкімі аппаратының басшысына тікелей бағынады.