A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкім аппараты ӘКІМ АППАРАТЫ



Медеу ауданының 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы


Медеу ауданының

2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

           

Медеу ауданының аумағы 253,4 ш.км құрайды, немесе 37% қала көлемінде.

            Халық саны – 204898 адам. Тұрғындардың басым көпшілігі жергілікті халық (қазақтар) – 58,7%, келесі ұлттардың ішінде көбісі орыстар – 26,1%, басқа ұлт өкілдерінің саны – 15,2% құрайды.

1. Бюджет

2017 жылы қаржыландыру жоспары бойынша ауданның бюджеттік бағдарламаларына 7058,2 млн.теңге бөлінді, 7042,1 млн.теңге нақты игерілді, орындалуы 99,77% құрады.

2. Салық

2017 ж. көрсеткіші бойынша болжамның орындалуы 100,6% немесе 463,9 млрд.теңгеге түсіммен қамтылған, РБ бойынша 99,3 % немесе 171,3 млрд.теңге түскен ЖБ бойынша 106,9% немесе 82,7 млрд. теңге түскен.

3. Өнеркәсіп

Ауданда 10 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары белсенді жұмыс істейді.

2017 жылды өнеркәсіп өнімдері 116,4 млрд.теңге мөлшерінде өндірілді, өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 103,7 % көлемін құрады.

Аудынның қала көлемінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің үлесі 14,5%.

Өндіріс көлемінің өсуіне келесі өндіріс орындары байқалады «Рахат» АҚ – 28,5%, «Жетісу» АҚ – 25,4% өсу байқалып отыр.

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бағдарламасының орындалуы аясында 9 жоба 12,2 млрд.тенге көлемінде 428 жұмыс орыны құрылады.

Алатау Технопаркі

Алатау Технопаркінде 134 компаниялар тіркелген, 2017 жылы 241 жаңа орын жұмыс орны құрылды, өнеркәсіп өнімдері 34,8 млрд.теңге мөлшерінде өндірілді.

4.Инвестициялар

2017 жылы негізгі капиталға инвестициялар тарту көлемі 123,9 млрд. теңге, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 9,8 млрд.тенгеге артық болды.

Қала бойынша жиналған жалпы инвестиция көлемінің 19,4% үлесі ауданға тиесілі.

Инвестицияның басым көздері шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары есебінен бола отырып, жалпы инвестицияның 78,9 % құрады (Сауда және қызметтер саласында ашылған объектілер мейрамханалар «Игілік Palace», «И рыба и мясо», «Presso», «RePublic», супермаркетер «Toi Mart»,Рамстор).

4. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту

2017жылы тауар айналымы-349,1 млрд. теңгені құрады, жеке кәсіпкерлермен сауданың үлесті салмағы 27,9% құрады.

Белсенді түрде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 51% құрады.

2017 жылы «Жол карта бизнесі2020» бағдарламасының орындалуы барысында 12,2 млрд.теңге қаржы есебінде 16 жоба мақұлданды. Жаңа 195 орын жұмыс орны құрылды.

«Жібек жолы» бағдарламасының орындалуы барысында 1,1 млрд.тенге қаржы есебінде 10 жоба мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы 2020», «Өндіріс», «Жібек Жолы», «Экспортер 2020», «Өндіруші 2020» мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 160 ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 15 семинарлар өткізілді

            Медеу ауданы әкімі аппараты Алматы облысы Талғар ауданының өкілдерімен бірлесе отырып, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуде. Онда ет, сүт, көкөніс өнімдері аудан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болды.

           

5. Әлеуметтік сала

Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың жалпы саны 42985 адам, оның 27278-і зейнеркер, оның ішінде 82-і ҰОС ардагері мен мүгедегі, тыл ардагері – 2880 адам.

2017 жылы 12 отбасындағы 58 адамға 1 492 572 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

121 отбасындағы 18 жасқа дейінгі 371 балаға 5 341 762 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

806 зейнеткер 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алды (15 883 теңге). Төленген жәрдемақының жалпы сомасы 24 124 215 теңгені құрады.

Ауданда үйден көмек көрсететін 4 - бөлімше жұмыс атқарады, 333 - жалғызбасы және жалғыз тұратын мүгедектермен қарттарға 50 - әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді, оның ішінде 42 - әлеуметтік қызметкер, 4 - консультант, 4 – бөлімше меңгерушісі бар. 333 – қызмет алушының: 2 адам ҰОС мүгедегі, 4 адам ҰОС-на қатысқан, еңбек ардагерлері – 166 адам. ҰОС ардагерінің жесірі – 2 адам, ҰОС ардагеріне теңестірілген – 2 адам, жасына жеткен зейнеркер – 117. I-топ мүгедегі – 10 адам, II-топ мүгедегі – 20 адам, III-топ мүгедегі – 4 адам, соғыста қайтыс болған адамдардың отбасы – 3 адам.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлік 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында, әлеуметтік жұмыс орындарына 114 адам жіберілді, жоспар бойынша 117 адам, жастар тәрбиесіне (молодежная практика) – 129 адам жіберілді, жоспар бойынша 150 адам, кәсіптік оқыту бойынша жылдық курстарға 288 адам, қоғамдық жұмыстарға 218 адам жіберілді. «Занятость» базасында жұмыссыз ретінде 948 адам тіркелген. Барлығы: 1931 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

6.Денсаулық сақтау

Аудан аумағындағы аудандық медициналық бірлестік 11 мемлекеттік медициналық мекемеден құралғн, ода 3 мыңға жуық медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

2016 жылмен салыстырғанда медицина қызметкерлерінің саны жас мамандардың болашағы зор кадрлардың келуімен күрт өсті.

2017 жылы 6 сары ауру мен ауырған адам тіркелсе, 2016 жылы 15 сары аурумен ауырған адам тіркелген. ВИЧ инфекциясын жұқтырған 2 адам, 2016 жылы 2 адам. Онкологиялық аурумен аурырған - 426 адам, 2016 жылы 492 адам тіркелген.

2017 жылдың қаңтарында Достық даңғылы, 220 мекежайында орналасқан №5 қалалық клиникалық емханасының жанынан 4 қабатты ғимараттың ашылу салтанатты өтті.

Медеу аудандық медицина бірлестігінің 16 көрсеткіш бойынша рейтингісіне сәйкес 5 жыл көлемінде 1 орынды иеленіп келеді.

7.Білім беру

Ауданда 36 орта білім беру мектебі жұмыс істейді. Соның ішінде, 28 мемлекеттік мектеп болса, 8-і жекеменшік мектеп болып табылады. Жалпы оқушылар саны 27 611 адамды құрайды.

2016-2017 оқу жылдарының нәтижесі бойынша білім беру саласында дамыту бағытында айтарлықтай ілгерілеу бар деуге болады.

Атап айтқанда, қалалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 65 оқушы жүлделі орындарға ие болып, оның 3-і республикалық олимпиадаға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Республикалық ғылыми жоба байқауында ауданымыздың 9 оқушысы жүлдегер атанды.

2017 жылы 1008 түлек 11 сыныпты бітіріп шықты, ҰБТ баллы – 95,7. «Алтын белгімен» аяқтағандар саны – 58.

Ауданда 6 896 бала тәрбиеленіп жатқан 18 мемлекеттік және 49 жеке меншік балабақша, 15 шағын орталық халыққа қызмет көрсетеді. Соның ішінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша (балапан) жұмыс істейтіндері – 34.

Соған байланысты, аудандағы орын жетіспеушілік мәселесін жою бағытында нақты шаралар іске асырылуда.

Өткен 2016 жылы аудандық әкімдіктің бастамасымен жеке кәспкерлер қаражаты есебінен жалпы сыйымдылығы 852 орынды құрайтын 17 жекеменшік балбақша ашылды. Салынған инвестиция жалпы сомасы - 2,4 млрд. тг. құрайды.

8. Жоғары оқу орындары мен орта арнайы оқу орындары

Ауданда барлығы 5 жоғары оқу орны бар, оның 2 - ұлттық, 3 – жеке меншік. Ондағы студенттердің жалпы саны – 20086 адам.

Орта арнайы оқу орындары саны аудан бойынша 5, студенттердің жалпы саны 6138 адам.

9. Идеологиялық жұмыстар

2017 жылы аудан аумағында ақпараттық-насихаттық және тәрбиелік сипаттағы 250 іс-шара өткізілді. Оған «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының мүшелері, оның ішінде «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері белсенді қатысты

Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді. Еліміз ұлтаралық тұрақтылықты, қоғамдағы біртұтастықты сақтай алды. Оның аумағына тұратын халықтар мен этностардың араздылығын тудыратын идеяларға жол берілмейді.

Ауданда 27 діни ұйымдар тіркелген, оның ішінде 9 мешіт, 7 шіркеу, оған қоса 11 мәдени құрылым басқа деноминациялар мен конфессияларға қарасты. Осы орайда аудан әкімінің аппараты діни ахуалды дамыту тенденцияларына көп көңіл бөлуде, конфессияаралық қарым-қатынастардың күрделенуіне бағытталған кейбір деструктивті діни ағымдардың қызметтеріне жол бермеу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

10. Мәдениет

Медеу ауданы - Алматы қаласының элиталы мәдени орталығы болып табылады.

Медеу ауданының мәдениет мекемелерінің желісі 19 нысанды құрайды. Атап айтқанда, ауданда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 3 музей, қалалық деңгейдегі 4 музей, 1 театр, 3 концерт залы, 3 кинотеатр халыққа қызмет көрсетеді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 7 музейге келушілер саны 140 308 адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 мың адамға артық. Соның ішінде, шетелден келген туристер саны 21 мыңға жуық адамды құрады.

Есептік кезеңде аудандық 4 кітапханаға келген оқырмандардың саны 497 мың адамды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артық (2016 жылы – 242 мың адам болған.).

Кітап қоры 2016 жылдың сәйкес кезеңінде 575 мыңды құраған болса, биылғы жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 80 мыңға ұлғайды.

Ауданның ғана емес қаламыздың көрнекті мәдени ошақтарының бірі болып табылатын Республика сарайында 2017 жылы 220 мыңнан астам адамның қатысуымен 88 концерт ұйымдастырылды.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 12 ай ішінде 29 130 адамның қатысуымен 115 мерекелік концерттер, әдеби-сазды кештер өткізілді.  

Қалалық әкімдіктің бастамасымен 2013 жылы күрделі жөндеуден өткен Қуыршақ театрының соңғы жылдарда шығармашылық әлеуеті артып келеді. Аталған мәдениет ордасында 2017 жылдың 12 айында балаларға арналған 325 спектакль қойылымы халыққа ұсынылып, оған 48 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер қатысты (2016 жылды сәйкес кезеңінде – 150 спектакль өткізіліп, көрермендер саны 9 мың адамды құраған.).

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты қызметінің басым бағыттарының бірі аудан көлемінде «Мәдени мұра» бағдарламасын, Тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, тіл саясатын жүзеге асыру болып табылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 50 мыңнан астам аудан тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен 60-қа жуық мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні ерекше форматты мерекеленді. Атаулы датаға орай әкімдік жанынан арнайы өнер ұжымы құралып, «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты акция аясынла аудан көшелері мен саябақтарында, аулаларда нәзік жандыларға гүл шоқтары таратылды.

Республика сарайының алдындағы Абай алаңында мерекеленген Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі аясында 2017 жылы бірінші рет 12 қазақ үйден құралған этно ауыл тігіліп, тұрғындар назарына таңнан кешке дейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.

2017 жылы аудан тұрғындары мен қонақтарының айырықша ықыласына ие болған басты мәдени оқиғаларының бірі Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында өткізілген Достық, Төле би көшелерінің күндері болды. Көше күнін атап өтудегі негізгі мақсат - айтулы тұлғалардың өмір жолын, қала және аудан тарихын жастар арасында кеңінен насихаттау, тұрғындар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Мерекелік іс-шара аясында тұрғындар назарына аудандық мәдениет мекемелерінің өнерлері, кітап көрмелері, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, тәрбиелік мәні зор театрландырылған қойылымдар, сондай-ақ ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Сонымен қатар, аудандық әкімдіктің бастамасымен 2017 жылы екінші рет Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жер» жобасының аясында Медеу ауданы мектеп бітірушілерінің ІІ-форумы өткізілді. Аталмыш форумды өткізу арқылы 500-ден астам әр жылдарда Медеу ауданының мектептерін бітіріп, бүгінде республикамыздың жер-жерлерінде жауапты қызметтерде жұмыс атқарып жүрген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің басын қосып, ауданымыздың білім беру саласын дамытудың бағыт бағдарын айықындап алуға мүмкіндік туды.

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ САЛАСЫ.

Тілдерді оқыту және дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында «Абай оқулары», «Тіл мерейі», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тіл парасат» сынды 20-ға жуық аудандық тіл байқаулары өткізілді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы әзірлеген рейтинг бойынша қала аудандарының арасында Медеу ауданы тілдлерді дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша 2 орынды иеленді (2016 жылы 5 орында болған).

СПОРТ САЛАСЫ.

Аудан халқының спортпен жүйелі түрде айналысуына 111 спорттық ғимараттар жұмыс істеуде. Оның ішінде 2 стадион, 1 спорт кешені, 38 спортзал, 4 жүзу бассейні, 5 аула клубы,   120 жазғы спорт алаңшалары бар.

Соның ішінде, Медеу және Шымбұлақ таулы курорттары кешені, 3000 мың орынға арналған «Халық Арена» мұз айдыны ауданда орналасқан ірі спорт нысандарының қатарына жатады.

2017 жылы Шымбұлақ тау шаңғы кешеніне келушілердің саны 540 мың адамды құрады. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда спорт кешеніне келушілердің үлесі 53 пайызға ұлғайған.

Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 қарсаңында қолданысқа берілген «Халық арена» мұз айдыны қысқа уақыт ішінде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды. 2017 жылы аталған спорт нысанында 120 мың адамның қатысуымен 30-ға жуық түрлі іс-шаралар өткізілді. Бүгінгі таңда спорт нысанының базасында 1 мыңнан астам адам қатысатын 21 спорт секциясы жұмыс істейді. Мүмкіншілігі шектеулі және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға спорт секциялары тегін.

11. Коммуналды шаруашылық


Ауданда санитарлық тазарту және ҚТҚ шығару бойынша, 14 қоқыс шығаратын ұйымдар жүріс үстінде. ҚҚШҰ-дың барлығы, 59 дана арнайы техника және 92 жұмысшымен қамтамасыз етілген.

Орта есепте бір аптаның ішінде 740 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылады, есеп беру мерізімде 9000 тонна қоқыс шығарылды.

Ауданда 762 тұрғын үйдің шамасында, 146 ЖПИК бар.

«өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстарына келісім хаттамасы келесі мекен-жайларында орналасқан тұрғын үйлеріне берілген: Шевченко к-сі 15а, Бөгенбай батыр к-сі 117, Қабанбай батыра к-сі 79. Сонымен қатар спонсорлық қолдауымен 2016 жылы 17 тұрғын үйінің қасбетін жөндеу жұмысы жүргізілді. 2017 жылы 25 тұрғын үйлерінің 27 лифт кабинасы ауыстырылды. Сонымен қатар 37 тұрғын үйдің керекті құжаттары Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына өткізілді.

            2013-2015 жж. «Ескі үй» бағдарламасы бойынша Алматы қаласының әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорынымен (КҚК) 3 және 2 қабатты ескі үйлерді бұзып Мақатаев көшесі 5, 5А, Тян-Шанская 5 мекенжайы бойынша 3 тоғызқабатты үй салынды. Инвестиция сомасы 1,5 млрд. теңгені құрайтын Бөгенбай батыр 19 мекенжайы бойынша 9-қабатты үй салынды.

            ЖШС «Алан-Реалти» Қазыбек – Қайырбеков – Әйтеке би – Бәрібаев көшелерінің шаршысында 9 үйді бұзды, бұзылған үйлердің орнына 178 пәтерлі 10 блоктан тоғызқабатты тұрғын үй салынды. Инвестиция сомасы 9 млрд. теңге.

12. Құрылыс

2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 437,4 мың шаршы метр құрады немесе 2016 жылға қарағанда 156,41% (жеке құрылысшылар салған есебінен 63,0 мың шаршы метр).

13. Көлік

Аудан аумағында 1 ірікөлік кәсіпорындары қызмет етуде, «Думан Транс Сom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бағыттары бекітілген автобустардың жалпы саны - 69 бірлік.

Аудан аумағында 35 автобус және 6 троллейбус маршруты жүреді.

2017 жылы 105 автобус аялдамасы орнатылды, онын ішінде 68«СМЕУ» ЖШС-і бюджеттік қаражат есебінен, 37 инвесторлардың қаражаты есебінен.

14. Көріктендіру және санитарлық жағдай

1.Көше тазалау

Аудан аумағында 365 көше бар, олардың ұзындығы 403,5 км, тазалау жүргізілетін көшелердің аумағы 4 700 мың км2 құрайды. Қаржыландыру көлемі – 1,465 млрд. теңге., арнайы техникалар саны – 164 дана, жұмылдырылған жұмысшы күші – 315 адам.

2.Көше жөндеу

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобильдер басқармасының бағыты бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

- ағымдағы жылы жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары - 20 көше. Барлығы 16 км ұзындықты құрайтын 30 көшеде жөндеу жүргізілді;

- шұңқырларды жөндеу 28 жүргізілді, ұзындығы – 213,9 км. құрайды;

- жаяу жүргіншілер жолын жөндеу 15 көшеде жүргізілді, ұзындығы 8410,2 км. құрайды, 3 көшеде жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынды.

- 4 көпірге жөндеу жұмсытары жүргізілді (ул. Горная көш./ Сарысай өз., Елебеков /К.Алматы өз., Қабанбай батыр көш./ Жарбұлақ өз., И.Коныр көш./Жарбұлақ өз.).

- мердігер ұйым «СК «Базис» ЖШС-мен «Рысқұлов пен Құлжа күре жолының қиылысындағы жол айрық» нысан құрылысы жүргізілуде. Жұмысты аяқтау уақыты – 2019 жылдың желтоқсан айы.

Медеу ауданы аумағыда 14 148 дана жарық шамдарына қызмет көрсетіледі, желінің ұзындығы 445,45 шақырымды құрайды. Қаржыландыру көлемі- 254 468 мың теңге.

«АлматыҚала Жарық» МКМ күшімен Жамақаев көшесінде «Эдельвейс» ТҰК дейін сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды. Көлсай шағын ауданының сыртқы жарықтандыру желісі «АлматыҚала Жарық» МКМ балансына берілді.

Саябақ, тынымбақтарды күтіп-баптау

Күнделікті көріктендірілген тынымбақтарды, көріктендірілмеген тынымбақтарды және басқа да жасыл желектерді, бульварлар, жол айрықтары, жағажайлар мен демалыс орындарын, сонымен қатар 28-Гвардиялық - Панфиловшылар саябағы және Алматы қаласы орталық саябағын (2 - саябақ, 22 - тынымбақ; 5 - бульвар; 4- өзен бойы, басқа да жасыл алыңдар – 32,39 га) тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жасыл желектердің жалпы ауданы 148,68 га. құрайды. Үнемі ұзындығы 127,61 км. құрайтын арық желілері мен өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында ұзындығы 34,89 км. құрайтын 10 шағын және орташа өзендер ағады, өзен арналарын қоқыстан, шламдардан, өсіп кеткен ағаштар мен бұталардан, өсімдіктерден, және өткелдер мен көпірлерді тазалау жұмыстары жүргізілді.

Көріктендірілген тынымбақ, көріктендірілмеген тынымбақ және басқа да жасыл желектерді, бульварлар, жол айрықтарын, жағажайлар мен демалыс орындарын, ағаштарды санитарлық, пішіндеп қырқу және кесу, ағаштарды ақтау, арық жүйелерін күту, өзен арналарын, «Адали ЕА» ЖШС, «КОГ №3» ҚБ, «Қала Көркейту» ЖШС, «Грин Ланд» ЖШС атқарады, ал 28-Гвардиялық - Панфиловшылар саябағын және Алматы қаласы орталық саябағын «Грин Ланд» ЖШС күту жұмыстарын атқарады.

            Жергілікте бюджеттен қаржыландыру есебінде аудан аумағындағы апатты ахуалдағы және қураған жасыл желектерді кесу жұмыстары жүргізілді, жалпы көлемі: санитарлық кесу – 715 дана ағаш, пішіндеп кесі -2500 дана ағаш, санитарлық қырқу – 6910 дана ағаш.

3          667 жасыл желек отырғызылып (1820 дана – ынталы отырғызу, 1847 дана ағаш өтемдік отырғызылды.), 1675 м2 кілем тәріздес гүлдер, 5945 м2 әсемдік бір жылғы гүлдер, 2270 м3 – раушан гүлі отырғызылған.

Ағымдағы жөндеу

Есептік кезеңде көгалдандыру мен көріктендіру бойынша 17 нысанда 1 млр. 077 млн. теңгені құрайтын үлкен ауқымды жұмыстар жүргізілді, өткен жылғы жұмыстармен салыстырғанда 3 есе артық (2016 жылы көріктендіру жұмыстары 7 нысанда жүргізілеген, жалпы соммасы 117 млн. құрайды).

Аудан тұрғындарының ыңғайлы, қауіпсіз өмір сүруіне және бос уақыттарын сапалы өткізу мақсатында2 көшеде дат архитекторы Ян Гейлдің ұсыныстары аясында ағымдағы жөндеу жүргізілді:

- Жібек Жолы көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта Уәлиханов көшесі (бөлінген қаражат – 161 млн.теңге);

- Кіші Алматы өзені мен Қонаев көшесі аралығындағы Жібек Жолы көшесінде (бөлінген қаражат – 187 млн.теңге).

Екі нысан бойыншажие тастарын , асфальт, жер тақтайшаларын, КАФ орнату жұмстары мен велосипед жолын салу жұмыстары жүргізілді.Жасыл аумақтар, 13100 м2 газон төселіп, 3909 дана дана ағаштар мен бұталар отырығызылды. Жаяу жүргіншілер жолын асфальттау мен балалар мен спорттық алаңдар, суғару жүйесі орнатылған

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының бағыты бойынша:

- Гоголь көшесі Төлебаев көшесі мен Абай даңғылы аралығында көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді;

-«Жетісу» Абай/Төлебае көшелерінің қиылысында, «Қазақстан» қонақжайы жаныңдағы және Абай саябағындағы 3 субұрқаққа күрделі жөндеу жүргізілді.

- Шығыс айналма жолындағы, Халиуллин мен Құлжа күре жолының қиылысындағы жол айрықтағы жасыл аймақта суғару жүйесін орнату құрылыстары;

- 7,25 км құрайтын арық жүйесін қайта қалпына келтіру мен құрылысы;

- Қимасар және Жарбұлақ өзені арнасын жаңғырту;

- Оқушылар Сарайы, Журналистер және Мемлекеттік Музей саябақтарына жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылға жоспарланған.

Алматы қаласы Құрылыс басқармасы бағыты бойынша жаяу жүргіншілер жолын көгалдандыру жұмыстары келесі көшелерде жүргізілді:

- Қабанбай батыр көшесі Төлебаев пен Назарбаев даңғылы аралығында;

- Жібек Жолы даңғылы Қонаев көшесі мен Назарбаев даңғылы аралығында;

- Гоголь көшесі Қалдаяқов көшесі мен Назарбаев даңғылы аралығында.

Жасыл аумақтарды көріктендірде жаңа тәсілдерді қолдану бағытында Думан ықшам ауданы, Қайырбеков көшелерінде орналасқан шағын бақтарында жөндеу жұмыстары жүргізілді:

- Мендіқұлов шағын бағында - қаржыландыру үлесі – 64 млн. теңге, мердігер ұйым - «Ayat Inspirit» ЖШС – көгал және жиектастар, орындықтар салу жүргізілді.

- көгалдандырылмаған Қайырбеков бағында, мердігер ұйым «Алматы-Строй-Контракт» ЖШС, қаржыландыру соммасы 25 млн., Жаяу жүргіншілер жолын асфальттау, спорттық снарядтарды, орндықтарды орнату жұмыстары жүргізілді, жасыл желектер отырғызылды.

- Дуан шағын бағында   - қаржыландыру соммасы 56 млн., мердігер ұйым «Алматы-Строй-Контракт» ЖШС, поребрика, жайу жүргіншілер жолы, спорттық снарядтар, балалр алаңы орнатылды.

Сонымен қатар,   Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында 122 млн. теңгені құрайтын соммада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спорттық және әр түрлі жастағы балалар алаңдары, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алаңдар орнатылған.

Өзен суларынын арнасына асып су басу жағдайларын алдын алу мақсатында, өзен жағалауларын нығайту жұмыстары, су қоймаларын тазалау, шлюздар мен қоршауларын жөндеу үшін Есентай, Жарбұлақ, Бекенбай, Кіші Алматы өзендері жағалауында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Есентай өзеніндегі Дамба су қоймасын тазалау және қоршауларын жөндеуге «Алматы Коммунал Сервис» ЖШС –мен 34 млн.теңге келісім жасалды - келісім-шарт бойынша тазалау, өзен жағалауларында қоршаулар орнатылған, габион қондырғыларымен нығайту жұмысты жүргізілді.

- «Ayat Inspirit» ЖШС ұйымымен ағымдағы жөндеу жұмыстары Бекенбай өзенінің жағалауларында (габионды қалпына келтіру, көпір мен гранит тақталары) – 107 млн. тг. жасалды – габион қондырғысы орнатылды, бетон арматурасымен нығайтылды, 2 көпір және 10 дана орындықтар орнату жұмыстары жүргізілді.

- Ағымдағы жөндеу жұмыстары Кіші Алматы өзенінде «Ayat Inspirit» ЖШС 6 млн. тг. жүргізілді - қоршауларды ауыстыру, өзен жазалауларын бетон арматурасымен нығайтылды.

   - Жарбұлақ өзенінде Бөгенбай батыр көшесінен Есенберлин көшесіне дейін ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ayat Inspirit» ЖШС ұйымымен 86 млн. тг. келісім жасалды.

Жасыл аймақтарға және тротуарларға автокөліктердің шығуын болдырмау мақсатында орнатылуға тиісті мың дана боллард орнатылды. Қаржат көлемі- 29 млн. тг.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу

Таиыров көшесінің кейбір аумақтарында топырақ көшу қаупі болуына байланысты төтенше жағдайлар жарияланды. Қауіп аймағында 25 жеке тұрғын үйге (150 адам) қауіп-қатер төнгендіктен Алматы қаласы резервінен 480 мың тг. бөлінген.

Құрылыс – монтаждық жұмыстарды жүргізуге келісім «Арыс ЛТД» ЖШС-мен 443 млн. тг. жасалған.

Техникалық бақылауды «СтроиНадзор» ЖШС 5 млн. тг. атқарады ( авторлық бақылау - 3 млн. тг., экспертиза – 4 млн. тг. )

Жобалаушы мердігер ұйымы «Проектный институт водного хозяйства» ЖШС , келісім соммасы 25 млн. тг.

Топографиялық схемасы және геологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп, жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, экспертизаның қорытындысы алынған.

«Әлеуметтік бизнес жауапкершілігі» бағдарламасы аясында инвесторлар есебінен:

- 2 аллея жасалды:   Әл-Фараби даңғылы 25, Әл-Фараби даңғылы 29;

- Менделеев шағынбағында ағымдағы жөндеу;

- №33, 28 ОМ аумағында футбол алаңдары салынды;

- SOS Деревня аумағында спорт алаңы жасалды;

- 28 Гвардиялық Панфиловшылар саябағы аумағында «Workout» алаңы жасалды.

Өткелдер

Аудан аумағында Алматы қаласы қаржы басқармасының балансындағы 8 жерасты өткелдері бар, олардың 3-не «АлматыТехСпецПаркинг» ЖШС күтіп баптау жұмыстарын жүргізеді.

30,848 млн. теңгеге 5 жерасты өткелінде (Шығыс айналма жолы, Құлжа күре жолы) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

1000 дана боллард орнатылды. Қаражат саны - 29 667 мың теңге.

15. Құқық тәртібі және заңдылықты нығайту

2017 жылдың қорытындысы бойынша Медеу ауданы бойынша барлық тіркелген қылмыстың саны - 7 887 (7651). Былтырғы жылмен салыстырпғанда барлық бағыттағы қылмыстар саны 6,5 % төмендеген және орташа қала деңгейінде 0,4 % жоғары.

            Қылмыстың ашылуы пайызы 31,2% құрады, 2016 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2,3 % жоғары болып отыр, орташа қала көрсеткішінен 28,9 % жоғары.

            Қылмыстың төмендеуі келесі түрлер бойынша:

- қасақана ауыр қылмыстар 39,3 %-ға (521-ден 316 дейін)

- кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар 4,2%-ға ( 7657-ден 7335 дейін )

- кішігірім ауырлықтағы қылмыстар 12,8% -ға(1294-ден 1128 дейін )

- орташа ауырлықтағы қылмыстар 2,5%-ға ( 6363-тен 6207 дейін )

- есірткі 6,4 %-ға ( 47-ден 44 дейін )

- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 6,7%-ға (15-тен 14 дейін);

- тонау 12,6%-ға (294-тен 257 дейін), ауыр зардаптар 31,5%-ға (149-дан 102 дейін);

- пәтерден ұрлау 2,7р (1062-ден 395 дейін), ауыр зардаптар 4,1 р. ( 49-дан 12 дейін),

- қорқытып алу 16,7%-ға ( 6-дан 5 дейін),

- бұзақылық 35,4%-ға ( 288 -ден 186 дейін),

- алаяқтық 23,6 %-ға (1204-тен 920 дейін), ауыр зардаптар 2,7р. ( 218-ден 82 дейін)

- бөтеннiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру 28,6%-ға (7-ден 5 дейін)

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы жақсартылды:

- аса ауыр қылмыстар 13,9 %-ға ( 75,0-ден 88,9 дейін)

- қасақана ауыр қылмыстар 6,9 %-ға ( 49,0-ден 55,9 дейін)

- кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар 2,1% -ға (25,7 -ден 27,8 дейін )

- кішігірім ауырлықтағы қылмыстар 0,1%-ға ( 30,5-тен 30,6 дейін)

- орташа ауырлықтағы қылмыстар 2,7%-ға ( 24,7-ден 27,4 дейін)

- адам өлтiру 20,9 %-ға ( 71,4-тен 92,3 дейін)

- қарақшылық 2,8 %-ға ( 81,8-ден 84,6 дейін)

- есірткі 13,2%-ға ( 84,0 97,2 дейін)

- зорлау 4,2%-ға (95,8 100,0 дейін), ), ауыр зардаптар бойынша тұрақты (100,0 - 100,0 дейін)

- тонау 0,2%-ға (41,9 -42,1 дейін), ауыр зардаптар 5,1% (43,0 - 48,1 дейін)

- бөтеннiң мүлкiн жасырын жымқыру 4,1% -ға ( 26,9 - 22,8 дейін), ауыр зардаптар 3,1%-ға ( 41,8 - 44,9 дейін)

- пәтерден мүлкiн ұрлау 5,8%-ға (21,1 - 26,9 дейін), ауыр зардаптар бойынша 6,3%-ға ( 40,4- 46,7 дейін)

- алаяқтық 0,3%-ға ( 40,1 - 40,4 дейін), ауыр зардаптар бойынша 3,5 %-ға (50,2 - 53,7 дейін)

- бұзақылық 0,3%-ға ( 38,4 - 38,7 дейін), ауыр зардаптар бойынша 11,4 %-ға ( 60,0 - 71,4 дейін)

- қорқытып алу тұрақты (100,0 - 100,0 ), ауыр зардаптар бойынша 40,0%-ға ( 60,0 -100,0 дейін)

- автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленiп алу 23,3 %-ға ( 68,4 - 91,7 дейін)

- бөтеннiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру 3,3 % -ға (6,3 - 9,6 дейін)

            Қылмыстарды болдырмау және алдын-алу үшін аудаң аумағында бейнебақылау камералары орнатылды.

            Сонымен қатар, ауданда 22075 үй орналасқан олардың ішінде 752 көп пәтерлі үйлер және жер ұйлер саны 21 323 құрайды.

Қазіргі таңда қала бойынша «Қауіпсіз аула», «Қауіпсіз көше» бағдарламалары өз жұмысын іске асыруда.

            Осы бағдарлама аясында 496 «Қауіпсіз аула» және 716 үйлерде 4118 бейнебақылау камералары орнатылған.

            Сондай-ақ, 2017 жылдың 10 айында «Қауіпсіз көше» бағдарламасы бойынша 1 044 жеке үйге 2 800 бейнебақылау камералары орнатылған.

            Орнатылған бейнебақылау камераларының нәтижесінде, былтырғы жылмен салыстырғанда, ауданда пәтер тонау қылмыстарының саны 65% төмендеді. Сонымен қатар аталған қылмыстардың ашылуы 11,2 % жоғарлады.

            Халықпен өзара тығыз жүмыс жасау мақсатында ауданда учаскелік полиция инспектораларының халықпен кездесу кестесі бекітілген. Бекітілген кестеге сйкес ауданда 112 халықпен кездесу өткізілді.


            Қылмыстардың алдын алу және болғызбау мақсатында, аудан аумағында барлық өңірлерде бейне бақылау камералары орнатылған. 1741 көпқабатты тұрғын үйлерінің 1678-де барлығы 8070 бейне бақылау камералары, оның ішінде 4146 – сыртқы бейне бақылау камералары, 3924 – ішкі бейне бақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ, 1104 жекеше тұрғын үйлерде бейне бақылау камералары орнатылған, 448 аудан мекемелерінде 1822 бейне бақылау камералары орнатылған.